auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Чемпиондар промоутері "Канело" мен Головкиннің бұрынғы қарсыластарын жекпе-жекке шығармақ

Чемпиондар промоутері "Канело" мен Головкиннің бұрынғы қарсыластарын жекпе-жекке шығармақ
© boxnews.com.ua
Промоутер Эдди Хирн жартылай орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Келл Брукке (39-2, 27 КО) келісі қарсылас іздеп жатыр, - деп хабарлайды vRINGe.com.  

Брук 14 ай үзілістен кейін 8 ақпанда Шеффилдте америкалық Марк Делуканы (24-2, 13 КО) нокаутқа түсірген еді. Жекпе-жек бірінші орта салмақ лимитінде өтті. 

Хирннің сөзінше, Бруктың келесі жекпе-жегіне қарсылас ретіде үш боксшы қарастырылып отыр: WBA (Super), IBF және IBO чемпионы доминиканалық Хейсон Росарио (20-1-1, 14 КО), WBO титулына ие бразилиялық Патрик Тейшейра (31-1, 22 КО) және орта салмақтан түсуге дайын британиялық Лиам Смит (29-2-1, 16 КО).

Брук - Делука жекпе-жегін Лиам Смит рингсайдтан (бірінші қатар) тамашалаған. Оның ісін де Хирн жүргізеді. Оның үстіне Росарио мен Тейшейра келісімшарт бойынша қарымта мен титул қорғауға міндетті болғандықтан, Брукпен келесі кездесуде Смит жұдырықтасарына ықтимал жоғары.

Хирн Энтони Джошуа мен Александр Усик сияқты әлем чемпиондарының да ісін жүргізеді. 

Айта кетейік, 2016 жылы қыркүйекте Брук қазақстандық Геннадий Головкиннен (40-1-1, 35 КО) нокаутпен жеңілген. Смит те Сауль "Канело" Альвареспен (53-2-1, 35 КО) жекпе-жекте нокаутқа түсіп, бірінші орта салмақта WBO белбеуінен айырылған. Бұл оның алғашқы жеңілісі еді. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама