auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Ер болсаң, сөзіңе жауап бер". Аяқ асты бір-біріне шүйілккен Головкин салмағындағы екі чемпион жекпе-жекке шықпақ

"Ер болсаң, сөзіңе жауап бер". Аяқ асты бір-біріне шүйілккен Головкин салмағындағы екі чемпион жекпе-жекке шықпақ
Деметриус Андраде © MMABoxing.ru
Орта салмақта WBC чемпионы америкалық Джермалл Чарло (30-0-0, 22 KO) отандасы WBO белбеуіне ие Деметриус Андрадемен (28-0-0, 17 KO) титулдар біріктіретін жекпе-жек өткізуге ниетті, - деп хабарлайды Boxingscene.com.

"Кіммен болсын жұдырықтасуға да дайынмын. Деметриуспен кез келген күні жекпе-жекке шығуғамын. Келесі деңгейге өту үшін керегі сол болса, мен күттірмеймін. Андраде тамаша боксшы, қозғалғаны ұнайды. Бірақ ол DAZN артында тығылып отыр. Ал мен тығылмаймын. Менде бүкіл рингті қамтитын өз промоушенім бар. Біз бұдан ешқайда қаша алмаймыз. 

Егер ол жұдырықтасқысы келсе, біз жекпе-жекті ұйымдастыра аламыз. Түсінесіздер ғой? "Б" тарапы, "В" тарапы, маған бәрібір. Ол мұнда қалай келу керегін біледі. Осында орала алады", - дейді Чарло. 

Андраде көп күттірмей жауап берді. 

"Бірнеше апта бұрын Чарло DAZN-мен бір жекпе-жекке келісімшарт жасасуға дайын еді. Өйткені ол өз-өзіне промоутер. Енді келіп Lions Only Promotions компаниясында өзіне өзі бастық болып қапты және онымен жұдырықтасу үшін мен алдына бару керек екенмін. Менде келісмшарт барын және өйте алмайтынымды біледі. Сондықтан мұның бәрі былжырақ!

Егер Чарло шынымен өзіне қожайын және мұны қаласа, бір қоңырау шалса балғаны бәрі дайын. Эдди Хирн бірнеше апта бұрын Чарлоға бір жекпе-жекке келісімшарт беруге дайын екенін көпшілік алдында мәлімдеген. Онда не қиындық бар? Өз белбеуіңді менікіне қарсы қой. Мен де мамырда боспын. Ер болсаң, өз сөзіңе жауап бересің. Бір қоңырау", - дейді Андраде. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама