Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Амеркиалық маман Қанат Исламмен жұдырықтасатын "Жендеттің" мықты жағын атады

Ол намибиялықтың Андрадемен жекпе-жегін еске алды.

Амеркиалық маман Қанат Исламмен жұдырықтасатын "Жендеттің" мықты жағын атады
© newera.com.na
0
Амеркиалық Fightnews.com журналисті және инсайдері Мигель Ангель Марвилла Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында жеңілмеген қазақ боксшы Қанат Исламның (25-0, 20 КО) намибиялық Уолтер Каутондоквамен (18-1, 17 КО) жекпе-жегі туралы ойын айтты.

"Шынын айтқанда, Каутондоква - танылмаған боксшы. Оның бір ғана жекпе-жегін көрдім. Деметриус Андрадеге барлық жағынан жеңілді. Мен тек шыдамдылығын ғана атап өтер едім. Бірнеше нокдаунға қарамастан, жұдырықтасудан таймады. Физикалық тұрғыда мықты, бірақ, техникасы нашарлау. Ислам мұндай қарсыласты оңай жеңіп, келесі деңгейге өтеді деген ойдамын", - деп атап өтті Марвилла.

Намибиялық "Жендет" Қанат Исламды нокаутпен жеңетінін мәлімдеді

Еске салайық, Каутондоква 2018 жылы WBO белбеуі үшін жұдырықтасып, төрт нокдауннан кейін америкалық Деметриус Андрадеден (28-0, 17 КО) төрешілер шешімімен жеңілді.

Ал Ислам 5 шілдеде 16 айлық үзілістен оралып, он секундта доминикандық Хулио де Хесусті (28-2, 27 КО) нокаутқа түсірген.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости