Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Америкалық журналист "Канело" неге Ковалевпен ғана жұдырықтасуды діттегенін ашып айтты

Ол раунд бойынша болжам жасады.

Америкалық журналист "Канело" неге Ковалевпен ғана жұдырықтасуды діттегенін ашып айтты
Коллаж: instagram.com/sergeykrusherkovalev
0
Америкалық WorldBoxingNews порталының редакторы Фил Джей Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ресейлік Сергей Ковалев пен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жекке болжам жасады.

Жартылай ауыр салмақтағы Ковалев - "Канело" жекпе-жегі 2 қараша Лас-Вегаста өтуі мүмкін. БАҚ-та бұл кездесу туралы ресми түрде келесі аптада жарияланатыны хабарланған.

"Ковалевтің уақыты өтті деп ойлаймын және Энтони Ярд мұны дәлелдеді. "Канело" мұны біледі, көздеп отырғаны сондықтан. Оған Бивол немесе Гводзикті таңдауына болатын еді, олар бабында жүр. Бірақ ол күші семіп бара жатқан Ковалевті таңдады.

Әрине Сергей әлі де күшті, дегенмен, "Канелоға" бәсекелес болатындай деңгейде емес. Мексикалық ұпай санымен жеңеді деп ойлаймын. Мүмкін 8:4 немесе одан үлкен айырмашылықпен", - дейді Джей.

Еске салайық, жартылай ауыр салмақта жұдырықтасатын Ковалев 24 тамызда Энтони Ярдты 11-ші раундта нокаутпен жеңді. Осыдан кейін ол Альвареспен жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости