Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
"Абай өлеңдерін оқу" эстафетасын қытайлық миллиардер, Alibaba Group интернет-корпорациясының негізін қалаушы Джек Ма жалғастырды. Әйгілі кәсіпкер Абай Құнанбаевтың "Құлақтан кіріп, бойды алар" өлеңін қытай тілінде жатқа оқып, эстафетаны қазақстандық кәсчіпқой Геннадий Головкинге жолдады, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің хабарлауынша, бұл эстафетаны Джек Маға ҚР-ның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев жолдаған.
"Құрметті достар, мен Джек Ма. Келесі жылы Қазақстанда қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абайдың 175 жылдығы тойланады. Бүгін мен Қазақстанның Қытайдағы елшісі Нұрышев мырзадан эстафетаны қабыл алып, сіздерге Абайдың өлеңін оқып беремін",- деді қытайлық миллиардер.
Еске салайық, Джек Ма эстафетаны Головкинге жолдаған бірінші адам емес. Мұның алдында "Такси" фильмінен кейін әйгілі болған франциялық актер Сами Насери Абай өлеңін оқып, #абай175жыл эстафетасын жалғастырып, ары қарай оны қазақстандық боксшыға жолдаған.
Жарнама