auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Айғайлап жіберіп, көзіме көрінбе дедім". Коби Брайант қазасын естігедегі Шакил О'Нилдің жағдайы

"Айғайлап жіберіп, көзіме көрінбе дедім". Коби Брайант қазасын естігедегі Шакил О'Нилдің жағдайы
© Sport.ua
Коби Брайанттың "Лос-Анджелес Лейкерс" командасындағы бұрынғы серіктесі Шакил О'Нил TNT арнасына берген сұхбатында әйгілі баскетболшының қайтыс болғаны туралы хабарды естігенде қандай жағдайда болғанын айтты, - деп хабарлайды Sportbox.

"Үйде болатынмын, ұлым Шакир мен туысым Коламбуспен жаттығу жасап жаттым. Осы кезде менің тағы бір туысым келді. Ол жылап келді. Сосын ол телефонынан жаңалықты көрсетті. Мен айғайлап жібердім, көзіме көрінбеуін өтіндім. Біз барлығын компьютер арқылы істей алатын заманда өмір сүріп жатырмыз ғой. Бұған сенгім келмеді. Сосын барлығы қоңырау шалып, ақпарат расталды.

Мен бұрыннан осы ауырлықты сезінемін. Жасым 47-де. Екі әжемнен, әпкемнен, енді міне інімнен айырылдым. Есімдеріміз мәңгі бірге аталатын болады.

Уақыт өте келе дұрысталады, жеңілдей түседі дейді. Бірақ маған өте ауыр тиді. Ұйықтамағаныма біраз уақыт болды, бірақ оны шеше жатармын. Отбасына - оның анасына, әкесіне, әпке-қарындастарына, басқа туыстарына, барлық қатысы бар  адамға көңіл айтамын.

Бұл тосыннан келген жаңалық мені есеңгіретіп тастады. Мен "бір жарымес барлығын ойдан шығарып алған шығар" деген ойда болдым. Сосын барып, уақыт келе сенбеу мүмкін емес болды", - деді спортшы.

Шакил соңғы уақыттарда Кобимен сирек кездескені үшін өкінетінін айтты. Олар 2016 жылы "Ютаға" қарсы ойында кездескен екен. Ол кезде О'Нил Брайантқа 50 ұпай жинауды өтінген, ал Қара Мамба болса 60 ұпай жинаған. Сұхбат кезінде Шакил жылап жіберді.



Шакил О ' Нил мен Коби Брайант "Лейкерс" сапында 1996-2004 жылдары аралығында бірге ойнады. NBA-дің бес дүркін чемпионы Коби Брайант 26 қаңтарда Калифорнияда жеке тікұшақтың апатқа ұшырауы кезінде қаза тапты. Онымен бірге оның қызы Мария Джина және тағы жеті адам, оның ішінде ұшқыш.

Коби Брайант карьерасын 2016 жылы аяқтаған. Ол "Лос-Анджелес Лейкерс" командасында 20 маусым бойында ойнап, бес рет чемпион атанды, 18 рет Жұлдыздар матчына қатысқан. Бір рет тұрақты чемпионаттың ең құнды ойыншысы әрі екі рет плей-офф финал кезеңінің құнды ойыншысы атанған.

NBA тарихындағы ең нәтижелі ойыншылар тізімінде Брайант 33 643 ұпаймен үшінші орында болған, өткен сенбіде ғана оның нәтижесін Леброн Джеймс басып озған еді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
1 қараша 2022, 11:35
Баскетбол
©pbcastana.kz "Астана" ВТБ лигасында ұтылды
24 тамыз 2021, 14:36
Баскетбол
©сурет: championat АҚШ Президенті тізе бүкті
7 қыркүйек 2020, 16:08
Баскетбол
Сурет: USA TODAY Sports Леброн Джеймс NBA рекордын жаңартты

Жарнама

Жарнама