Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Барыс" Астанада "Салават Юлаевтан" ұтылды

Ойында қонақтар 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын "Барыс" Астанада Уфаның "Салават Юлаев" командасынан ұтылды. Ойында қонақтар 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші кезеңде командалар шайба соға алған жоқ. Ал екінші кезең басында Теем Хартикайненнің соққан шайбасы "Салават Юлаевты" алға шығарды. Ойын аяқталар тұста уфалық клуб екінші шайбаны соқты. Бұл жолы Линус Умарк ашық қақпаны дәл көздеді.



Айта кетейік, бүгінгі ойынға да команда капитаны Найджел Доус қатыса алған жоқ. Шабуылшы жарақатына байланысты команданың соңғы төрт ойынына шыққан жоқ. Ал "Барыс" үшінші ойын қатарынан ұтылды.

Елордалық команда келесі ойынын 27 желтоқсан күні Астанада "Ақ Барысқа" қарсы өткізеді. Қазандық клуб Шығыс Конференцияда көш бастап тұр.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости
20 желтоқсан
11:43