auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Әлемнің бірінші ракеткасы Даниил Медведев Astana Open турнирінде ойнайды

Әлемнің бірінші ракеткасы Даниил Медведев Astana Open турнирінде ойнайды
©ҚТФ

Әлемнің бірінші ракеткасы, ресейлік Даниил Медведев Astana Open ATP 250 турниріне қатысатынын растады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Биылғы дода елордада 18-25 қыркүйек аралығында өтеді. Даниил Медведев - 2021 жылғы АҚШ ашық чемпионатының, 2020 жылғы ATP қорытынды жарысының жеңімпазы. Сондай-ақ, ол үш рет "Үлкен дулыға" турнирлерінің финалына дейін жетті.

"Даниил Медведевтің биыл үшінші рет өткелі отырған Astana Open додасына келетініне қуаныштымыз. Қазақстанда Рафаэль Надаль, Новак Джокович, Жо-Вильфрид Тсонга сынды әлемнің үздік теннисшілерінің өнер көрсетуі игі дәстүрге айналып келеді. Даниил өзінің спорттағы жолын біздің елімізде бастаған. Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовтың ойыншымен қарым-қатынасы жақсы, бұл оны осы жарысқа шақыруға мүмкіндік берді. Енді әлемнің бірінші ракеткасы елордадағы Ұлттық теннис орталығында өнер көрсетер күн де жақын", - деді Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польский.

"Мен Astana Open турниріне қатысатыныма қуаныштымын. Мұнда маған дейін де атақты ойыншылар келген екен. Доданы асыға күтемін", - деді Даниил Медведев.

Ресейлік теннисші 2010 жылы 18 жасқа дейінгілер арасында Өскеменде өткен ITF Juniors G3 турниріне қатысқан. Ал 2016 жылы әлемнің 171-ракеткасы ретінде ATP Challenger сериясына енетін ҚР Президенті кубогына келген. Онда ол ширек финалға дейін жеткен болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама