Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Виктория Зябкина Рига кубогының екі дүркін күміс жүлдегері атанды

Жерлесіміз Рига кубогында 100 және 200 метрге жүгірді.

Виктория Зябкина Рига кубогының екі дүркін күміс жүлдегері атанды
Liter.kz
Қазақстандық жеңіл атлет Виктория Зябкина Латвия астанасы Ригада өткен халыралық жарыста екі қашықтық бойынша қатысып, қос күміс медальға ие болды, - деп хабарлайды ҚР жеңіл атлетика федерациясы. 

Жерлесіміз Рига кубогында 100 және 200 метрге жүгірді. «Даугава» стадионында 100 метрге жүгіргендердің арасында Украина, Германия, Нидерланды, Латвия, Эстония спортшылары болды. Негізгі бәсекелестік 20 жастағы жергілікті спортшы Синдия Букша мен 25 жастағы қазақстандық желаяқ Виктория Зябкина арасында өрбіді. Букша 1987 жылы орнатылған Латвияның жеке рекордын 0,05 секундқа жаңартып, Рига кубогының жеңімпазы атанды (11,29 с). Мәреге екінші болып келген Зябкинаның уақыт көрсеткіші – 11,36 секунд. Үштікті жастар арасындағы 2017 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Яна Качур қорытындылады– 11,67 секунд.

Рига кубогы. 100 метрге жүгіру.

Әйелдер:

1.     Синдия Букша (Латвия) – 11,29 сек.
2.     Виктория Зябкина (Қазақстан) – 11,36 сек.
3.     Яна Качур (Украина) – 11,67 сек.

Букша мен Зябкина арасындағы тартыс 200 метрде де жалғасты. Бұл жолы тағы да Букшаның бағы жанды. Виктория осы турнирдегі екінші күмісіне ие болса, қола жүлде ямайкалық Асейн Холлға бұйырды.

Рига кубогы. 200 метрге жүгіру.

Әйелдер:

1.     Синдия Букша (Латвия) – 23,02 сек.
2.     Виктория Зябкина (Казахстан) – 23,37 сек.
3.     Асейн Холл (Ямайка) – 23,37 сек.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости
12 шілде 2019
14:08