Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Ольга Рыпаковаға 2008 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдесі табысталады

2008 жылы әлем чемпионаты Валенсия қаласында өткен болатын.

Ольга Рыпаковаға 2008 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдесі табысталады
Ольга Рыпакова. Сурет: Reuters©
Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы  (IAAF) қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакованы наурыз айының басында өтетін жабық кешендегі әлем чемпионатына шақырды, деп хабарлайды Қазақстан жеңіл атлетика федеациясының баспасөз қызметі. 

Әлем чемпионатының салтанатты ашылу салтанатында Рыпаковаға 2008 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдесін тапсырмақ.

Айта кетейік, былтырғы жылы Валенсияда өткен 2008 жылғы жеңіл атлетикадан жабық кешендегі әлем чемпионатының допин-сынамалары қайта қаралған болатын. Сол кезде үш қарғып секіруден күміс жүлдегер грек қызы Хрисопийи Деветцидің допинг қолданғаны анықталды. Ольга Рыпакова бұл біріншілікте 14.58 метрге секіріп төртінші орын алған.

Ол кезде Әлем чемпионатында бірінші орынды – кубалық Яргелис Савинье (15.05), екінші орынды – Деветци (15.00), үшінші орынды – Мария Шестак (Словения, 14.68) алған болатын. Енді Рыпакова бір сатыға көтеріліп, қола жүлдеге ие болып отыр.

IAAF Қазақстан жеңіл атлетика федеациясына Ольга Рыпакованы әлем чемпионатына шақыру жөнінде ресми хат жолдаған болатын. Әлем чемпионаты 1-4 наурыз аралығында Ұлыбританияның Бирмингем қаласында өтеді. Барлық шығынды IAAF өз мойнына алып отыр.

Бұған дейін Хрисопийи Деветци 2008 жылғы Пекин Олимпиадасындағы қола жүлдесінен айырылып қалған болатын. Ол медаль да қазақстандық Рыпаковаға берілетіні туралы шешім шыққан.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости
12 шілде 2019
14:08