Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Арли Чонтей әлем чемпионатының күміс жүлдесін еншіледі

Ауыр атлетикадан жеңіл салмақта жүлде алған алғашқы қазақстандық спортшы атанды.

Қазақстандық ауыр атлет Арли Чонтей Ашхабадта өтіп жатқан әлем чемпионатында алғаш болып ұлттық құрама қоржынына жүлде салды. 55 килоға дейінгі салмақта бақ сынаған спортшы күміс медаль еншіледі.

Арли Чонтей жұлқа көтеру жаттығуын 115 килодан бастады. Кейіннен 118 кило тартатын зілтемірді басынан асырды. Үшінші мүмкіндігінде 120 килоны да көтеріп, үздік нәтиже көрсетті.

Солтүстік Корея елінен келген танымал ауыр атлет Ом Юн Чхоль алғашқы мүмкіндігінде-ақ 120 килоны көтерді. Кейінгі екі мүмкіндігінде мүлт кетті.

Серпе көтеруде қазақстандық спортшының үздік көрсеткіші 138 кило болды. Ал солтүстік кореялық спортшы алғашқы мүмкіндігінде 155 килоны, соңғысында 162 килоны басынан асырып, төртінші рет әлем чемпионатында топ жарды.

Қос бағдарлама қорытындысы бойынша Арли басты қарсыласынан 24 кило аз көтерді. Ал қола медальды италиялық Мирко Скарантино еншіледі.

Айта кетейік, Арли Чонтей 2016 жылғы Олимпиада ойындарында 56 килоға дейінгі салмақта жүлдеге бір адым жетпей, төртінші орын алған болатын. Сондай-ақ әлемдік жарыста ауыр атлетикадан жеңіл салмақта жүлде алған алғашқы қазақстандық спортшы атанды. Әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесін алды.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости
12 шілде 2019
14:08