auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Астана" велошабандозы Норвегиядағы Арктикалық жарыста жалпы есепте екінші келе жатыр

"Астана" велошабандозы Норвегиядағы Арктикалық жарыста жалпы есепте екінші келе жатыр
© astanaproteam.kz
Норвегияның арктикалық жарысы 184 шақырымнан тұратын кезеңмен басталды. Алғашқы мәре Норвегияның солтүстүгіндегі Киркенес қаласында аяқталды, - деп хабарлайды Vesti.kz елордарлық команданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Жарыстың 20-шақырымында 27 адамнан тұратын көшбасшы топ пайда болды. Оның ішінде біздің Даниил Фоминыхте болды.

"Бүгін жылдам жарыс болды. Орташа жылдамдықтың өзі жоғары деңгейде тіркелді. Қапталдан соққан желдің әсерінен алға озған топ бірнеше бөлікке ыдырады. Нәтижесінде бізді соңғы айналымның бірінде қуып жетті. Бұл шамамен, жарыстың аяқталуына 15 шақырым қалған кез еді. Біздің команданың да мақсаты осы еді. Алдыңғы қатардағы топтың ішінде болу. Қорытындысында Сергей екінші болып мәре сызығын кесті. Менің ойымша бұл өте жақсы нәтиже. Біз бүгінгі жарысқа қойған мақсатымызды барынша орындадық деп есептеймін", - деді мәреден соң Қазақстанның жекелей сындағы чемпионы Даниил Фоминых.

Кезең бірнеше шабандоздан тұратын топтың спринтімен аяқталып, оны голландиялық Матье ван дер Пул жеңді. Ал екінші орынды «Астана» шабандозы Сергей Чернецкий иемденді.

"Жылдам әрі ауыр кезең болды деп айта аламын. Алдыңғы қатарда Даниил болғанының арқасында біздің команда финалға қарай көп күшке ие болды. Кеше жаттығу кезінде біз осы мәрені қарастырып, қатты дайындалып едім.Бірақ Польша турында құлағаным кері әсерін тигізе ме деп ойладым. Бес күн бұрын болған жарақатым аса қатты кедергі келтіре қоймады. Әріптесім Танел Кангерт маған тамаша жағдай жасап берді де соңғы шақырым қалған кезде «Давай!» деді. Мен қатты шабыттанып шыққан едім, бар күшімді салып соңына дейін жұмыс істедім. Өз нәтижеме көңілім толады. Күні бойы қызмет еткен командаға да алғысымды айтамын", - деді Сергей Чернецкий.

Чернецкий сонымен қатар жарыстың жалпы есебінде де екінші орында келеді. Шабандоздарды әлі алда тағы үш кезең күтіп тұр.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
23 қыркүйек 2022, 13:48
Велокоманда "Астана"
©Gettysport Қазақстандық велоспортшы әлем чемпионы атанды
16 тамыз 2021, 14:58
Велокоманда "Астана"
Александр Винокуров. Сурет: astanapremiertech.com© Александр Винокуров "Астана" басшылығына оралды
20 тамыз 2020, 11:42
Велокоманда "Астана"
Уго Уль. Фото: cycling.kz© "Астана" велоспортшысы коронавирус жұқтырып алды
31 желтоқсан 2019, 14:59
Велокоманда "Астана"
Евгений Гидич. © "Астана" велокомандасы "Астана" спортшыларын жаттығу кезінде көлік қағып кетті

Жарнама

Жарнама