Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Мас қазақстандық Азиадада спортшы қыздарға тиіскен" - ҰОК жауабы

Оқиға спортшылар асханасында болыпты-мыс.

"Мас қазақстандық Азиадада спортшы қыздарға тиіскен" - ҰОК жауабы
©REUTERS
ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті БАҚ өкілдерінің қазақстандық атлет Джакартадағы Азиада ойындарында спортшы қыздарға "тиісті" деген ақпаратына жауап берді", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Осыған дейін шетелдік басылымдардың бірінде қазақстандық атлеттің мас күйде жарыстағы спортшы қыздарға тиісіп, сүйіп алғысы келгенін туралы жазылған болатын. Бұл оқиғаның Азиада спортшыларына арналған асханада 22 тамызда болған делінеді.

Өз кезегінде Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері бүгінгі таңда оларға Азиада ойынын ұйымдастырушыларынан ешбір шағым түспегенін мәлімдеп отыр. 

"Сондықтан біз қазақстандық ойыншыға қатысты нақты ешбір жауап бере алмаймыз. Сонымен қатар, бізге әлі ешкім пікір білдіруімізді сұрап хабарласқан жоқ. Біз әрдайым БАҚ өкілдерінің мұндай ақпараттарына шынайы жауап береміз", - дейді ҚР ҰОК өкілі Жігер Азбергенов. 

Еске сала кетейік, Азиада ойынында Қазақстанның қоржысында 32 медаль бар. Оның ішінде үшеуі алтын, жеті күміс және 22 қола жүлделері.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Тегтер:
Новости