Қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Денис Евсеев Джакартада өтіп жатқан 2018 жылғы Азия ойындарының ақтық сынында сүрінді, - деп хабарлайды
Vesti.kz.
Финалда үндістандық Манчанда Бопанна мен Дивиж Шаран қазақстандықтардан басым болды. Бір сағатқа жуықтағңан ойын 3:6, 4:6, есебімен аяқталып, спортшыларымыз күміс жүлдеге ие болды.
Осымен Қазақстан қоржынында биылғы Азияданың 28 жүлдесі бар, оның екеуі алтын, жеті күміс және 19 қола.
Жарнама