auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

WSB жобасының жаңа маусымында "Астана арландары" сапында кімдер өнер көрсетеді?

Командамыз жаңа маусымдағы бірінші кездесуді 10 ақпан күні өткізеді.

WSB жобасының жаңа маусымында "Астана арландары" сапында кімдер өнер көрсетеді?
©:Vesti.kz
Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) өнер көрсететін "Астана арландары" командасының бас бапкері Нұрлан Ақүрпеков Vesti.kz порталының тілшісіне жаңа маусымдағы және құрама сапындағы өзгерістер туралы айтып берді. 

- Бірінші кездесу 10 ақпанда өтеді. Команда қазір Таразда дайындалып жатыр. Онда спарринг қарсылас табу оңай. Бірінші жаттығу жұмыстарын өткіздік. Барлық жігіттер маусымға сақадай-сай. Бірінші кездесуде Үндістан құрамасымен кездесеміз. 

Әу баста негізі біз 3 ақпан күні Қытай елінің командасымен кездесуіміз керек еді. Бірақ бұл кездесуді кейінге шегерді. Ол кездесуде қатысатын жігіттерді де таңдап қойған едім. Сол сол боксшылар алдағы кездесу қатысады. Бірінші кездесуден-ақ ұлттық құрама боксшыларынан көмек сұрағанымыз дұрыс болмас. Жақсы жігіттер бар. Солардың тексеріп көреміз. 

Қазір бізбен Әбілхан Аманқұл жаттығып жүр. "Астана арландары" үшін бірнеше кездесу өткізеді деп сенемін. Мені ұятқа қалдырмайды. Сенімді боксшы. Менің өзім жеке дайындаймын. Бес раундтық кездесулерде ол керемет жұдырықтасады. 

- Нұрлан Сәкенұлы, команданың жаңа құрамы туралы айтып берсеңіз ...

- 52 келіге дейінгі салмақта екі дебютант - Ақниет Балтабаев пен Бағдат Толыбаев өнер көрсетеді. Екеуі де әлі бес раундтық кездесу өткізбеген. Қайсысы дайын болса, сол шаршы алаңға шығады. 

60 келіге дейінгі салмақта Серік Теміржанов пен Әлімжан Бескемпір деген жігіттер бар. Бұлар да бес раундтық кездесуге қатыспаған. 

69 келіде Бекболат Құрамысов пен Бекзод Халметов жұдырықтасады. Тәжірибелері көп емес. Тек Халметов ғана бір рет бес раундтық жекпе-жек өткізген. 

81 келіде бізде Нұрдәулет Жәрменов бар. Ол тәжірибелі боксшы. 

Аса ауыр салмақта Дмитрий Зиско мен Нұрсұлтанов бар. Екеуі де бес раундтық кездесу өткізген. Бірақ жеңіліп қалған. Аманжолов мықтырақ секілді. Осы жігіт жұдырықтасатын шығар. 

- Бұл екінші бестік қой, яғни С2. Ал бірінші бестікте кімдер өнер көрсетеді?

- 49 келіде тәжірибелі Мардан Берікбаев бар. Сонымен қатар Данияр Ибраев деген жігіт өнер көрсетеді. Мардан егде боксшы. Дегенмен мен оған сенім артамын. 

56 келіде Нұрсұлтан Көшеғұлов пен Жанболат Қыдырбаев. Екі боксшы да жобада жұдырықтасқан, тәжірибелі жігіттер. 

Ділмұрат Мижитов 64 келі салмақтың бірінші нөмірлі боксшысы болады. Мен оған өткен маусымда да сенім артқанмын. Екінші боксшы Асқар Ерубек. 1999 жылы дүниеге келген боксшы. Болашағынан зор үміт күтіп отырмын. 

75 келіде жас Аман Қазанғапов пен тәжірибелі Сапарбай Айдаровқа сенімді артылды. 

Арбек Абуғаниев пен Әбілқайыр Тұрланбек 91 келіге дейінгі салмақта сынға түседі. Екеуі де бұл жобада өнер көрсетпеген. Дегенмен жақсы жігіттер. Сенімнен шығары деп үміттенемін. 

Еске салайық, бұған дейін Бүкіләлемдік бокс сериясының сегізінші маусымында "Астана арландары" Қытай, Үндістан және Ресей елдерінің командаларымен кездесетіні белгілі болған еді. Жобаның топтық кезеңі ақпан, наурыз және сәуір аралығында өтеді. 




Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар