fQXdeaFtRczbXziz3hscNN53daTT1041553jwrDC
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Өзбектерді өз алаңымызда ойсырата жеңуіміз керек - Нұрлан Ақүрпеков

Өзбектерді өз алаңымызда ойсырата жеңуіміз керек - Нұрлан Ақүрпеков
©allfight.ru
Бүкіләлемдік бокс сериясында өнер көрсететін "Astana Arlans" клубының бас бапкері Нұрлан Ақүрпеков "Patriot Boxing Team" командасына қарсы кездесу туралы Vesti.kz порталына өз пікірін білдірді. 

- Ресейлік командаға қарсы кездесуге біз Ұлттық құрамамен бірге Алматыдағы бокс академиясында дайындалдық. Басында біз бұл дайындық тек боксшылардың физикалық дайындығын пысықтауға арнаймыз деген едік. Алайда кейін боксшылардың әрқайсысына жеке-жеке бағдарлама құрдық. Сөйтіп 30 күн дайындалдық. Жекпе-жек алдында шамалы қобалжыдым. Өйткені, ресейлік команданың қатарында мықты боксшылар жиналған. Оның үстіне маусымды жеңіспен бастау керек едік. Дайындықтық тауда өткіздік дедім ғой, сондықтан да жігіттер әдбен тауға, таза ауаға үйреніп қалды. Ресей жеріне үйренісе алады ма деген ой да болады. Бірақ, шүкір, барлығы ойдағыдай өтті. 



- Шыны керек, Ресей жеріне алып барған құрама жанкүйерлер тарапынан біраз күмән туғызды. Өйткені, Мәскеуге алып барған екі боксшы бұл жобада бірінші кездесулерін өткізді. Осы туралы айтып берсеңіз ...

- 49 келіде таңдау Теміртас Жүсіповке түсті. Ол Қазақстан чемпионы. Өкінішке қарай, бұл салмақта қазір ерекшеленіп тұрған лидер жоқ. Жомарт Ержан деген жігіт бар. Ол қазір Ұлттық құрамамен жаттығу істеп жатыр. Ал, Теміртас бұл жобада төселген боксшы. Бес раундтық жекпе-жектерге дайын. Жекпе-жектің алғашқы екі раундында Теміртас қарсыласына ештеме жасай алмады. Тіпті, маған ол шаршап қалғандай көрінді. Қарсыласынан сылбырлау болды. Ол тек үшінші раундтан бастап шаршы алаңда жақсы жұмыс істей бастады. Негізі Теміртас өз кездесулерін шыдамдылықтың арқасында жеңеді. Ол жаттығу жұмыстарында да көп жұмыс істейді. Бірақ ол қу боксшы емес, ол еңбекқор боксшы. Үнемі алға ұмтылып тұрады. Менің ойымша, жекпе-жек тең дәрежеде өтті. Бірақ, төрешілер жеңісті ресейлік боксшыға берді. 

Ілияс - азамат! Сөзім жоқ. Мен жалпы команда ішіндегі боксшылардың ешқайсынана артық әңгімем жоқ. Мен бұл кездесулерге ең мықты деген боксшылардың таңдап алдым. Таңдаудың алдында спарринг өткіздік. Ілияс - тәжірибелі боксшы ғой. Бес раундтық емес, 12 раундтық жекпе-жектерге де қатысып көрген. Барлығын жоспар бойынша орындап шықты. 

Ділмұрат Мижитов болса бес раундтық кездесуді бірінші рет өткізді. Оның қарсыласы ірілеу болды. Бойы аласа болғанымен, тығыншықтау. Ділмұратқа аяқтарымен көп жұмыс істеуі керек еді. Оның бапкерінің айтуынша, Мижитов ауырлай қимылдап, тек алға жүретін боксшы. Бірақ бірінші және екінші раундты таза жеңіліп қалды. Үшінші және төртінші раундты жеңген еді. Бұл та тең дәрежеде өткен кездесу еді. Бірақ бұл жолы да жеңіс ресейліктердің еншісінде кетті. 

Келесі кездесуді барлықтарыңыз көрген шығарсыздар. Әбілзан сөзсіз жеңді. Енді оны "жұлдыз" ауыруына шалдықпаса екен деп тілейік. Оған қазір кәсіпқой бокстан да ұсыныстар түсіп жатыр. Алайда біздің жоспарымыз мүлде басқа. Басты мақсат - Олимпиада. Әбілхан жас боксшы. 19-да ғана. Сондықтан да болашағынан зор үміт күттіретін боксшылардың бірі. Ол менің жеке шәкіртім. 



Антон да нағыз азамат! Мұндың маңызды сәтте өз-өзін қолға ұстап, жеңісті жұлып алып беру көп боксшының қолынан келе бермейді. Есеп 2:2 кезінде мен Антонға барып, командамызға жеңіс алып келесің деген үміттемін деп айттым. Ол болса, уайымдамауымызды сұрады. Ол өз уәдесінде тұрды. 

- Жаңа маусымны күнтізбесі қиындау жасалыпты. Кеше ғана Ресей клубына қарсы кездесу өткізген едіңіздер. Енді алда өзбек боксшылары тосып тұр. 

- Иә, демалысқа уақыт аз. Бірақ боксшылар ауысады ғой. Өзбекстандық командаға қарсы шығатын боксшылар дайындығын әлдеқашан бастап кеткен. Сол бокс академиясында. Ұлттық құрамамен бірге. Жақын күндері АҚШ және Германия боксшылары келеді. Солармен бірге дайындықты өткіземіз. 



- Биыл команданың құрамы қысқарғанын білеміз. Ұлттық құрама боксшылар да жоқ. Алдағы уақытта жанкүйерлер Ұлттық құрама боксшыларын "арландар" қатарынан көре алады ма?

- Мен Ұлттық құрама сапынан ауыр салмақта өнер көрсететін Қамшыбек Қоңқабаевты шақыртқым келеді. Егер мүмкін болса әрине. Қазір команда сапында ауыр салмақта өнер көрсететін Олжас Бұқаевты әлі толық тексеріп үлгерген жоқпыз. Ал өзбекстандық команда сапында ауыр салмақта мықты боксшылар бар. Біз бұл кездесуді 5:0 есебімен жеңу керекпіз. Сондықтан да команданы күшейті керекпіз. Қонқабаев қосылса жақсы болар еді. 

Айта кетейік, "Astana Arlans" пен "Uzbek Tigers" арасындағы кездесу 18 қаңтар күні Талдықорған қаласында өтеді. 



Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар