auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Куба алынбайтын тас қамал емес - Нұрлан Ақүрпеков

Куба алынбайтын тас қамал емес - Нұрлан Ақүрпеков
Қазақ бокс мектебінің қаншалықты қарымды екенін «Астана арландары» әлемге жыл сайын дәлелдеп келеді. Ешқашан жүлдесіз қалып көрмеген «Арландарымыз» биыл төртінші мәрте финалға шығып отыр. Жақында отандастарымыз Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жетінші маусымындағы жартылай финалда британиялық «Бритиш Лайнхартс» клубымен екі жекпе-жегінің қорытындысы бойынша 7:3 есебімен ұтып, тағы да финалға шықты. Енді шешуші сында отандастарымыз кубалық «Куба Домадорес» командасымен чемпиондық атақты сарапқа салады. Осыған орай, «Астана арландарының» бас жаттықтырушысы Нұрлан Ақүрпековті әңгімеге тартып, боксшылардың дайындығы жайында шағын сұхбат алған едік.

- Өткенде ғана сұхбат беріп, Алла қаласа, финалға шықсақ, ұлттық құрамадан көмек сұраймыз деп едіңіз. Жалпы финалға дайындықтарыңыз қалай?

- Иә, сүрінбей финалға жеттік. Енді чемпион атану ғана қалды. Егер биыл тағы да чемпион болсақ, Бүкіләлемдік бокс сериясы тарихына «Арландардың» есімі алтын әріптермен жазылайын деп тұр. Бұл жоба жүзеге асқалы біздей жетістікті ешқандай команда қайталаған емес. Біз - қазірдің өзінде ең көп жүлдегер атанған командамыз. Ал «алтын» әріптермен тарих парағына қалу үшін бізге ұлттық құраманың көмегі ауадай қажет. Алайда, бұл мәселе әлі шешілмей жатыр. Ал өз боксшыларымыз күнделікті жаттығуларын ойдағыдай жасап жатыр.

- Ұлттық құраманың көмегіне не кедергі болып жатыр?

- Олардың күнтізбелік кестесі бізге сәйкес болмай жатыр. Бүкіләлемдік бокс сериясының негізгі жоспары бойынша финалдың алғашқы айқасы осы айдың 24-і күні Кубада өтуі тиіс. Ал қарымта кездесу 1 шілдеде Қазақстанда өтеді делінген. Ұлттық құрама тура осы уақытта 10 күндік оқу-жаттығуға Түркияға кетеді екен.

- Енді не істемек ойдасыздар?

- Қазір Бүкіләлемдік бокс кеңесіне хат жазып, финалдың уақытын өзгертуге ұсыныс жасасақ деген ойдамыз. Бірақ, олар келісе ме, келіспей ме ол жағы белгісіз. Бірақ. ұлттық құрамадан көмек болмаса да бәрібір жұдырықтасамыз. Шегінерге жол жоқ.

- Куба боксшылары соншалықты мықты ма?

- Куба боксшылары алынбайтын тас қамал емес. Осыған дейін жолықтық. 2015 жылы тура осы кубалықтармен финалда жолымыз түйісіп, чемпиондық атаққа біз қол жеткізгенбіз. Сол жетістіктің кездейсоқ емес екенін дәлелдеп, биыл да олардан айламызды асырсақ деп қолдан келген жұмысты жасап жатырмыз. Бәрін шаршы алаң көрсетеді. Бұйырғанын көреміз.

- Биыл чемпион болсақ, «Арландардың» есімі алтын әріптермен жазылады деп жатсыз. Өткен жетістіктерге қысқаша тоқталып, оқырман қауымның есіне қайталап түсіре кетсеңіз...

- Елордамызда құрылған «Арландарымыз» 2013 және 2015 жылдары чемпион атанды. 2013 жылы Украина боксшыларын ұтсақ, 2015 жылы биылғы қарсыласымыз Кубаны қапы қалдырдық. Ал алғашқы 2011 жылы финалда Франция боксшыларына бір ғана есеп айырмашылығымен есе жіберіп, күміс медальді қанжығаға байладық. 2012, 2014 және 2016 жылдары үздік үштікті түйіндеп, қола медальға қол жеткіздік. Міне, биыл тағы финалға шығып тұрғанымызды ескерсек, жүлдесіз қалған жылымыз жоқ екенін көруге болады. Дүниежүзілік бокс сериясы жобасында жеңіп алған жүлделер жағынан ешбір команда қазақстандық «Астана арландарының» шалымына жетпейді.

- Егер финалда ұлттық құрамадан көмек болмаса, өз боксшыларыңыздан кімдерге үміт артасыздар?

- Әлі кімдердің жұдырықтасатынын анықтаған жоқпыз. Бокс федерациясының басшылығы ұлттық құрамадан бізге көмек беруге келісе ме, келіспей ме, бірінші осы мәселені шешіп алған соң барып, кімдердің жұдырықтасатынын анықтайтын боламыз.

- Әңгімеңізге рахмет! 

Күнсұлтан Отарбай


Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама