auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Бақтияр Артаев "Astana Arlans" бокс клубының бас менеджері болып тағайындалды

Бақтияр Артаев "Astana Arlans" бокс клубының бас менеджері болып тағайындалды
Astanaarlans.kz
2004 жылы бокстан Олимпиада чемпионы, Вэл Баркер Кубогінің иегері, Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері (2005, 2007). Азия Ойындарының күміс жүлдегері, 7 дүркін Қазақстан чемпионы, Халықаралық дәрежедегі еңбек сіңірген спорт шебері Бақтияр Артаев "Astana Arlans" бокс клубының бас менеджері болып тағайындалды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

Клубта осыған дейін бас менеджер қызметін 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев атқарып келген болатын.

Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаев  М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін және Қазақ спорт және туризм академиясын тәмамдаған. 2014 - 2016 жж. Ұлыбританияда бизнес менеджмент курстарын оқыған. Қазіргі танда Қарағанды Экономикалық университетінде, экономика саласы бойынша жергілікті басқару мамандығының магистратурасын оқып жатыр.

2008 жылы Б.Артаев атындағы бокс сарайының директоры болып тағайындалды. 2008-2009 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Айшабибі ауылдық округінің әкімі болды. 2009-2010 Жамбыл облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы қызметіне тағайындалды. 

2011 жылы Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болды.  2012 жылы 24 желтоқсанда «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының президенті болып тағайындалды. 2013 жылдың қараша айында Дүниежүзілік бокс сериясы комиссиясының мүшесі болып сайланды.

2016 жылы желтоқсан айында "Тарлан батырлары" ЖШС-нің директоры болып тағайындалды.

Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаев 1-ші дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталған, "Дарын" сыйлығының иегері, Грекия елінің құрметті азаматы, Тараз қаласының құрметті азаматы.

Айта кетейік, 2010 жылы "Astana Arlans" клубының бірінші бас директоры Болат Манкенов болған, одан кейін бұл қызметті Серік Сапиев атқарып келді.

"Astana Arlans" клубы осы маусымдағы алғашқы кездесуін 10 ақпан күні Қарағанды қаласындағы С.Сәпиев атындағы спорт кешенінде өткізеді. Қарсыласы - Үндістанның "Indian Tigers" клубы. 
 
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар