Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) өнер көрсететін елордалық "Астана арландары" мен кубалық "Куба қабыландары" командаларының боксшылары финалдық кездесу алдында салмақ өлшеді, деп хабарлайды
Vesti.kz.
Финалдық жекпе-жекте он боксшы жұдырықтасады. Егер екі команда тең түсіп, итжығыс болатын болса, онда жеңімпаз қосымша салмақ арқылы анықталады.
Бүгін екі команда боксшылары жекпе-жек алдында салмақ өлшеді. Салмақ өлшеу кезінде жеңіл салмақтағы Теміртас Жүсіпов пен оханус Аргилагос ерегесіп, төбелесуге шақ қалды.
Сондай-ақ Фрэнк Залдивар мен Олжас Байниязов та қақтығысты. Кубалық боксшы көз арбасы сәтінде біздің боксшыға тілін көрсетіп, мазақ еткісі келген. Алайда Олжас қарсыласын дер кезінде орнына қойды.
Салмақ өлшеудің қорытындысы:
49 келі: Теміртас Жүсіпов (48,86 келі) - Йоханус Аргилагос (48,8 келі)
52 келі - Олжас Сәттібаев (51,8 келі) - Йосбани Вейтиа (51,4 келі)
56 келі - Ильяс Сулейманов (55,76 келі) - Хавьер Ибаньес (55,7 келі)
60 келі - Зәкір Сафиуллин (60 келі) - Лазаро Альварес (59,66 келі)
64 келі - Ділмурат Мижитов (63,9 келі) - Энди Круз (63,3 келі)
69 келі - Асланбек Шымбергенов (69 келі) - Роньель Иглесиас (68,55 келі);
75 келі - Әбілхан Аманқұл (75 келі) - Арлен Лопес (74,4 келі);
81 келі - Арман Рысбек (80,5 келі) - Хулио Ла Крус (80,65 келі);
91 келі - Антон Пинчук (90,250 келі) - Эрисланди Савон (90,2 келі);
91 келіден жоғары - Олжас Бұқаев (100,3 келі) - Йоандри Тоирак (113,5 келі).
Қосымша кездесу - 52 келі - Олжас Байниязов - Фрэнк Залдивар.
Еске салайық, "Астана арландары" мен "Куба қабыландары" арасындағы Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) финалдық кездесуі 15 шілде күні өтеді. Жекпе-жек "Қазақстан" мұз айдынында 15:00-де басталады.
Жарнама