RBXBvFzwHks0bqvSPqJE2z3qUTFSPI2YRURj8bCP
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Астана Арландары" "Чайна Драгонс" боксшыларын тізе бүктірді

"Астана Арландары" "Чайна Драгонс" боксшыларын тізе бүктірді
Сурет: vk.com/astana_arlans
Қазақстандық "Астана Арланс" клубы Дүниежүзілік бокс сериясының жаңа маусымында "Чайна Драгонс" командасын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Атырауда өткен кездесу 5:0 есебімен аяқталды.  Бірінші жекпе-жекте 49 келіге дейінгі салмақта Теміртас Жүсіпов пен Джунджун Хе жұдырықтасты. Бес раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы басым болды.

"Астана Арландары" "Чайна Драгонс" боксшыларын тізе бүктірді. Фото 1

Екінші жекпе-жекте Ілияс Сүлейменов (56 келіге дейін) Лонг Вангты тізе бүктіріп, есепте еселей түсті.

"Астана Арландары" "Чайна Драгонс" боксшыларын тізе бүктірді. Фото 2

Үшінші жекпе-жекте 64 келіге дейінгі категорияда Ділмұрат Мәжитов Лю Янды төрешілердің бірауыздан шығарған шешімі бойынша жеңді. Осылайша, қазақстандық команда жеңіске жетті.  Айта кетейік, төртінші раундта Мәжитов қарсыласын екі мәрте нокдаунға түсірген, алайда қытайлық спортшы жекпе-жекті жалғастырды.

"Астана Арландары" "Чайна Драгонс" боксшыларын тізе бүктірді. Фото 3

Төртінші текетіресте Сапарбай Айдаров пен Минганг Жао кездесті (75 келіге дейін). Қазақстандық басым түсті - 3:0. 

"Астана Арландары" "Чайна Драгонс" боксшыларын тізе бүктірді. Фото 4

Ал соңғы жекпе-жекте Антон Пинчук пен Сергей Новико кездесті. Бұл жұдырықтасуда да "Астана Арланс" мүшесі 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар