auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Арландар" WSB жобасының жаңа маусымда қалай өнер көрсетіп жатыр?

WSB топтық кезеңнің бірінші айналымнан кейін боксшылардың рейтингін тізіп шықты.

"Арландар" WSB жобасының жаңа маусымда қалай өнер көрсетіп жатыр?
Бүкіләлемдік әлем бокс сериясы (WSB) жетінші маусымындағы барлық бес топта топтық кезеңнің бірінші айналымы аяқталды. Бірінші айналымның қорытындысы бойынша елордалық "Астана арландары" клубы Азия аймағындағы командалардың көшіп бастап тұр. Біздің команда бірінші айналымда өткізген үш кездесудің барлығында жеңіске жетті. Ал команданың кейбір боксшылары жеке көрсеткіштерін жақсартып алды, деп жазады Vesti.kz порталы.

Қазіргі уақытта "Астана арландары" клубының еншісінде тоғыз ұпай бар. Біздің топта екінші келе жатқан "Ресей патриоттарынан" елордалық ұжым бес ұпай алда келеді.

Жалпы үш турдың қорытындысыс бойынша қазақ боксшылары жобада 15 жекпе-жек өткізді. Оның тек үшеуінде ғана біздің боксшылар жеңілістің кермек дәмін татты. Екі рет ресейлік боксшылардан жеңілсе, бір рет өзбек боксшыларына жол берді. 

Егер келесі турда "Астана арландар" Тараз жерінде "Ресей патриоттарынан" үстем түсетін болса, онда командамыз плей-офф кезеңіне шығады. Өйткені, "арландарды" басқа ұжымдар ұпай саны бойынша қуып жете алмайды. 

Енді жобаның рейтингіне тоқталар болсақ. Бұл жерде де қазақ жанкүйерлері үшін қуанышты жаңалықтар бар. 

Ең жеңіл салмақта өнер көрсететін Теміртас Жүсіпов биылғы маусымда екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті. Осылайша алты ұпай жинаған Теміртас жоба рейтингінің үшінші сатысына орналасыпты. 



Командамыздың капитаны Олжас Сәттібаев биыл бір кездесуде жеңіске жетіп, ол да үшінші орынға жайғасқан. Дегенмен, бұл салмақтағы рейтингтің көшін бастап тұрған боксшылардың еншісінде де Олжаспен бірдей ұпай бар.



Ілияс Сүлейменовтың көрсеткіші де көңілден шығып тұр. Ол "арландар" сапында екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті. Осылайша ол рейтингте екінші сатыға табан тірепті. Бұл салмақта бірінші орын өзбек өрені Абдулай Шарахмовтың еншісінде. Оның да Ілияспен ұпайы бірдей. 

Зәкір Сафиуллин екінші орын (бір жеңіс, бес ұпай), Ділмұрат Мижитов үшінші орындарға (екі жеңіс, алты ұпай) жайғасса, Алсанбек Шымбергенов үшінші орында тұр. 



Қазақстандық боксшылар арасында үздік көрсеткіш Антон Пинчукқа тиесілі. Ауыр салмақтағы боксшымыз биыл екі кездесуі өткізіп, екеуінде де жеңіске жетіп, рейтингтің көшін бастап тұр. Оның еншісінде 10 ұпай бар. 



Айта кетейік, "Астана  арландар" жоба аясындағы келесі кездесуін 18 наурыз күні Тараз төрінде "Ресей патриоттарына" қарсы өткізеді. Vesti.kz порталы бұл жекпе-жек кешін тікелей эфирде көрсетеді. Тікелей эфирді мына сілтеме бойынша көре аласыздар. 

Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар