auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Арландар" WSB жобасын жеңіспен бастады

"Арландар" WSB жобасын жеңіспен бастады
vk.com/astana_arlans
Әуесқой бокстан Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жаңа маусымы басталды. Ел намысын қорғайтын "Astana Arlans" командасы жарысты жеңіспен бастады.

Топтық кезеңдегі бірінші кездесуінде "Astana Arlans" Ресейдің "Patriot Boxing Team" командасымен кездесті. Мәскеуде өткен жекпе-жектерде қазақ боксшылары 3:2 есебімен жеңіске жетті. Шаршы алаңда "С1" дәрежесіндегі боксшылар жұдырықтасты.

Қос команда арасындағы жекпе-жекті 49 келіге дейінгі салмақтағы боксшылар бастады. Теміртас Жүсіпов Батор Сагалуевпен жұдырықтасты. Бес раундтық жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер ресейлік команданың боксшысын жеңімпаз ретінде таныды.

Екінші жекпе-жекте 56 келіге дейінгі салмақтағы боксшылар шаршы алаңға көтерілді. Ілияс Сүлейменов Артем Хотеновты төрешілер шешімі бойынша жеңіп шықты.

64 келіге дейінгі салмақта Ділмұрат Мижитов ресейлік команданың боксшысы Радмир Абдурахмановқа ұтылды.

75 келіге дейінгі салмақтағы боксшылардың жекпе-жегінде «Astana Arlans» есепті теңестірді. Әбілхан Аманқұл қарсыласы Раджаб Раджабовты айқын жеңіп шықты.

Қос команда арасындағы шешуші жекпе-жекте Антон Пинчук пен Илья Квасников жұдырықтасты. Тәжірибелі отандасымыз қарсыласынан айласын асырып, командасына жеңіс сыйлады.

Айта кетейік, 2010 жылы алғаш рет тұсауы кесілген жобаға биыл айтарлықтай өзгерістер енді. Жобаға қатысатын командалар 3 топқа бөлінген. Қаржы тапшылығына байланысты Украина, Әзірбайжан, Түркия, Польша, АҚШ пен Пуэрто-Рика елдерінің командалары биылғы додадан тыс қалды.

Жаңа ереже бойынша әр топтың үздік екі командасы плей-офф ойындарына шығады. Сонымен қатар үшінші орын алған командалардың арасында үздік нәтиже көрсеткен екі клуб та плей-оффқа жолдама алатын болады.

«Astana Arlans» биыл топта (азиялық) «China Dragons» (Қытай), «Uzbek Tigers» (Өзбекстан) және «Russian Boxing Team» (Ресей) командаларымен бірге бақ сынайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама