Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Астана арландары" Түркиядағы жиыннан оралды

"Астана арландары" Түркиядағы жиыннан оралды.

Түркияда он күндік оқу-жаттығу жиынын өткізген «Астана арландары» боксшылары елге оралды. «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының құрамына кіретін боксшыларымыз Жерорта теңізінің жағалауында WSB финалына дайындалған болатын, деп жазады спорт клубының ресми сайты.

Астанада өткен халықаралық Президент кубогы турнирінен кейін Қазақстан ұлттық құрамасымен бірлесіп, Түркияның Белек қаласына аттанған «Астана арландары» командасының боксшылары Жерорта теңізінің жағалауында 10 күндік оқу-жаттығу жиынын өткізді. Қиыршық құмда жүгіріп, күнге қыздырынып, бабтарын күйттеген боксшыларымыз кеше елге оралды. Енді команда Дүниежүзілік бокс сериясының финалдық жекпе-жектері өтетін орны мен мерзімі бекітілген соң қайта жиналып, «Куба батырларына» қарсы тыңғылықты дайындықты бастайтын болады. Әзірге боксшылар үйлеріне аттанып, жеке бағдарламалар бойынша жаттығуда.

- Негізі, финалдың қайда өтетіні де, қашан өтетіні де әлі белгісіз. Егер нақты датасын білсек, тағы екі апта оқу-жаттығу жиынын өткізер едік. Әзірге ақпарат күтіп отырмыз. Нақты белгілі болған соң кубалықтарға дайындықты бастаймыз. Өз басым, 15 шілдеде өткенін қалар едім. Ал жалпы, 5 шілде күні ұлттық құрамамыздың жиыны басталады. Алматыдағы Бокс академиясында өтеді. Олар қазір Азия ойындарына дайындалуда. Ұлттық құрамамыздың жоспарын бұзбау үшін біз де сол Академияға барып, бірге дайындаламыз. Негізі финалдық матчтың бейтарап жерде өткені дұрыс. Біз өз командамыздың WSB жобасындағы ең үздік команда екенін кезекті рет дәлелдегіміз келеді, - деп түйді «Астана арландары» командасының бас бапкері Нұрлан Ақүрпеков.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости