Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Астана арландары" WSB жобасының финалында "Куба қабыландарымен" кездеседі

Жартылай финалда біздің команда British Lionhearts командасын жеңді.

Атырауда бүкіләлемдік бокс сериясының жартылай финалы аясындағы «Астана арландары» мен British Lionhearts командалары арасындағы кездесу өтті. 

"Жайық" спорт кешенінде "Астана арландары" — "British Lionhearts"  арасындағы қарымта кездесу өтті. Алғашқы жекпе-жекте 52 келі салмақта жұдырықтасатын Сәкен Бибосынов қарсыласы Уилл Коулиге 1:2 есебімен есе жіберді. Алайда екінші кездесуде Серік Теміржанов таразы басын теңестірді. Зәкір Сайфуллиннің орнына шыққан Серік Калум Френчтен айласын асырды. 69 келіде Асланбек Шымбергенов қарсыласы Карл Фэйлдің тас-талқанын шығарды. 81 келіде Бек Нұрмағанбет және аса ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаев та қарасыластарын оңай ұтты.

Финалда «Астана арландары» кубалық "Cuba Domadores" командасымен кездеседі.

Айта кетейік, "Астана арландары" British Lionhearts командасына қарсы өткізген алғашқы кездесуінде 3:2 есебімен жеңіске жеткен болатын. Осылайша қос кездесудің нәтижесі бойынша 7:3 есебімен "Астананың арландары" ақтық кезеңіне жолдама алды.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости