Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Astana Arlans" жартылай финалдағы алғашқы кездесуде жеңіске жетті

Шеффилдте өткен бокс кешінде отандастарымыз шаршы алаң иелерін 3:2 есебімен ұтты.

"Astana Arlans" жартылай финалдағы алғашқы кездесуде жеңіске жетті
Astana Arlans
Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) ел намысын қорғайтын "Astana Arlans" командасы Ұлыбританияның "British Lionhearts" командасына қарсы жартылай финалдағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті.

Шеффилдте өткен бокс кешінде отандастарымыз шаршы алаң иелерін 3:2 есебімен ұтты. Жеңіл салмақта (49 кг) жұдырықтасатын Теміртас Жүсіпов бірінші жекпе-жекте төрешілер шешімімен (2:1 (47:48, 50:45, 48:47)) Галал Яфайға жол берді. Екінші болып шаршы алаңға көтерілген Ілияс Сүлейменов Ниан Дил Фаррелді айқын жеңді.

64 кг салмақта жұдырықтасатын Ділмұрат Мижитов Далтон Смиттен мықты екенін дәлелдеп, "Арландарды" алға шығарды. Ал Әбілхан Аманқұл соңғы сәтте Джордан Рейнольдсты алмастырған Бенджамин Уиттакерді сөзсіз жеңіп, қазақстандық жанкүйерлерді жарқын жеңісімен қуантты.

Ауыр салмақта (91 кг) жұдырықтасқан Арбек Абдуғаниев Чавон Кларктан айласын асыра алмады. Төрешілер бірауыздан (3:0 (50:44, 49:45, 50:44) британдық боксшыны жеңімпаз ретінде таныды.

Қос команда арасындағы қарымта кездесу 26 мамыр күні Атырауда өтеді. Бокс кеші Астана уақытымен сағат 17:20-да басталады.

Жартылай финалдағы екінші жұпта "Cuba Domeodores" (Куба) пен "France Fighting Roosters" (Франция) командалары алғашқы кездесулерін бүгін өткізеді.

Командалар қос жекпе-жек қорытындысы бойынша тең болған жағдайда, 69 кг салмақта қосымша кездесу өтеді. Ал финалда тең болса, 64 кг салмақта қосымша жекпе-жек өтетін болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости