auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Талдықорған төрінде өзбектерді қалай тоқтатамыз?

Талдықорған төрінде өзбектерді қалай тоқтатамыз?
©uz24.uz
Бүкіләлемдік бокс сериясында өнер көрсететін "Астана арландарын" ертең үлкен сынақ күтіп тұр. Талдықорған төрінде Нұрлан Ақүрпеков шәкірттері өзбекстандық "Өзбек жолбарыстарымен" кездеседі, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Бокста қазақ-өзбек бәсекесі қашанда тартысты өтетіні белгілі. Осы жолы да жанкүйерлер жақсы бір кездесу көреді деп сенеміз. Оның үстіне өзбекстандық команданың Қазақстанға алып келген құрамы қарымды. Ала тақиялы ағайындарымыз "арландарға" қарсы Риода өткен Олимпиада ойындарына қатысқан төрт боксшысын алып келіп отыр. 

Осы жайтқа қарап отырып, өзбек боксшыларында бізден ала алмай жүрген кегі бар ма деп қаласың. Себебі, осы жоба аясындағы сырт алаңда "Қытай айдаһарларына" қарсы өткізген кездесуге өзбекстандық клубтың бапкерлері салыстырмалы түрде әлсіз боксшыларын алып бар. Ал, Қазақстанға "сен тұр, мен атайын" деген сайыпқырандарын алып келді. "Өзбек жолбарыстарының" қатарында Олимпиада жүлдеге іліккен тек Хасанбай Дусматов ғана жоқ. Ал біздің құраманың қатарында Олимпиада ойындарына қатысқан бір ғана бокс бар. Ол - Олжас Сәттібаев. 

Олжас Сәттібаев - Аброржон Кадиров (52 келі)



Қазақ-өзбек айқасында бірінші болып шаршы алаңға біздің команданың капитаны Олжас Сәттібаев пен Аброржон Кадиров шығады. Біздің боксышының қарсыласы көпшілікке қатты таныс емес. Өткен жылы да "арландарға" қарсы шығып, Азат Махметовтен жеңіліп қалып еді. Сондықтан да бұл кездесуде Олжас қиналмай жеңіс жетуі керек.

Зәкір Сафиуллин  - Муроджон Ахмадалиев (60 келі)



Талдықорғанда бірінші сынақты Зәкір Сафиуллин өтеді. Оның қарсыласы жас та болса, мықты қарсыластар. Негізі ол бұған дейін 56 келі салмақта сынға түсіп жүрген. Ол салмақта 22 жастағы өзбек өрені 2015 жылы Дохада өткен әлем біріншілігінің күміс, Риодағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. Ал, Зәкірде ауыз толтырып айтатын жетістік жоқ әзірге. Дегенмен боксшы қарсыласымнан еш қаймықпаймын деп отыр. WSB жобасы басталар алдында отандасымызбен сұхбат құрған едік. Сол кезде шымкенттік боксшы әсіресе өзбек боксшыларымен болатын кездесуді асыға күтіп жүргенін айтқан. Міне, мүмкіндік. Енді Сафиуллин өзін шын мықты екенін дәлелдеу керек. 

Асланбек Шымбергенов - Шахрам Гиясов (69 келі)



Бұл салмақтағы теке-тірес те аса қызық болайын деп тұр. Гиясов қазақ жанкүйерлеріне жақсы таныс боксшылардың бірі. Бұл былғары қолғап шебері Риодағы Олимпиаданың финалында біздің Данияр Елеусіновпен кездескен. Ол кезде өзбек боксшысы жеңіліп қалды. Сондықтан да қазақ боксшыларына деген кегі қалғаны белгілі. Алайда Гиясов жобада небәрі бір ғана кездесу өткіззен. Асланбек те "қалпақпен" ұрып алатын қарсылас емес. 69 келідегі еліміздегі ең мықты боксшылардың бірі. Жобаға жеті кездесу өткізіп үлгерген. Осы салмақта өткен жылы жобаның үздік боксшысы атанған. 

Нұрдәулет Жарманов - Бектемір Меликузиев (81 келі)



Бұл бокс кешіндегі ең қиын қарсылас Жармановқа бұйырды. 20 жастан енді асып жатқан Бектемірдің қазірдің өзінже Азия чемпионы (2015), әлем чемпионатының күміс жүлдесі (2015) және Олимпиада ойындарының күміс жүлдесі бар. Өзбекстандық бокс мамандары да бұл боксшының болашағына зор үмітпен қарап отыр. 

Дегенмен, Меликузиев барлық өзінің жетістіктері 75 келіге дейінгі салмақта қол жеткізді. Ал биылдан бастап 81 келіге көшкен. Бұл да болса қазақстандық спортшыға шамалы мүмкіндік береді. Дегенмен де Жарманов WSB жобасында қазірге дейін төрт кездесу өткізіп, бар болғаны біреуінде ғана жеңіске жетті. 

Қамшыбек Қоңқабаев - Баходыр Жалолов (91 келіден жоғары)



Әсерилер арасында әлем чемпионы деген атағы бар Қамшыбектің жеңіске жететін мүмкіндігі зор. Себебі, Жалолов WSB сериясында бірінші жекпе-жегін өткізеді. Бірақ Баходыр оңай қарсылас деуге келмейді. Ол 2015 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Риоде ширек финалда сүрінді. Ал Қоңқабаев болса "арландар" сапында үш кездесу өткізіп, бір рет ғана жеңілген. 

Еске салайық, "Астана арландары" мен "Өзбек жолбарыстары" арасындағы кездесу 18 ақпан күні Талдықорғандағы "Жастар" спорт кешенінде өтеді. Бұл кездесу Астана уақытымен 18:00-де басталады. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама