Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Астана арландары" Ресей боксшыларына 5:0 есебімен ұтылды

Елордалық клуб бұған дейін "Patriot Boxing Team" клубын Бурабайда қабылдап, 5:0 есебімен жеңген.

Бүкіләлемдік бокс сериясының (WBS) сегізінші маусымында бақ сынап жатқан "Астана арландары" жаңа маусымдағы үшінші кездесуін "Patriot Boxing Team" командасына қарсы өткізіп, 5:0 есебімен жеңіліп қалды.

Жеребе бойынша елордалық клуб Азия аймағындағы топта қытайлық - "China Dragons", Ресейлік - "Patriot Boxing Team" және үндістандық - "Indian Tigers" құрамаларымен бір топқа түскен болатын.

Отандастармыз алғашқы кездесуін Қарағанды қаласында "Indian Tigers" командасына қарсы өткізіп, қарсыластарын 4:1 есебімен оңай ұтқан еді.

Екінші кездесуінде "Patriot Boxing Team" клубын Бурабайда қабылдап, 5:0 есебімен жеңген.

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен үшінші кездесуінде астаналықтар дәл сол қарсыласына ірі есеппен есе жіберіп отыр.

Ресейлік командаға қарсы өткен кездесуде бірінші болып жұдырықтасқан 52 келі салмақта өнер көрсететін Павел Гунченко мен Сәкен Бибосынов жұбында отандасымыз жеңіліп қалды. Есеп (2:1)

Одан кейін шаршы алаңға шыққан Серік Теміржанов (60 келі) та ресейлік Абубакар Айдамировтан айласын асыра алмады (2:1).

Ал 69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Павел Сосулин - Бекзод Халметов жұбында да төрешілер ресейліктің қолын көтерді. Бекзод барын салғанымен команданы жеңілістен құтқара алмады (3:0).

Осылайша, "Patriot Boxing Team" командасы өз алаңында "Astana Arlans" бокс клубын жеңді. Ал қалған қос жекпе-жектің кездесу нәтижесіне еш әсері тимейтін еді.

Ресейліктер 3:0 есебімен алға шықса да қонақтарға мүмкіндік бермеді. Соңғы екі жекпе-жекте де жеңіске жетті.

81 келі салмақта күш сынасқан Павел Силягин мен Шаймұрат Құсайынов кездесуі ресейліктің айқын басымдылығымен аяқталды. Есеп 3:0

Ең соңғы болып шаршы алаңға шыққан ауыр салмақтағы (91) боксшымыз Нұрсұлтан Аманжоловтың да жолы болған жоқ. Шигабутдин Алиевке қарсы кездесуде отандасымыз қарсыласын қуып жүріп сабаса да төрешілердің назарын өзіне аудара алмады. Төрешілер бейне қойын дәптеріне тек ресейлік боксшы жеңеді деп жазып әкелгендей, қазақстандыққа ұпай беру жайлы ойланып та қойған жоқ.

Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости