Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Бүкіләлемдік бокс сериясының жаңа маусымы қашан басталатыны белгілі болды

Жаңа маусымда Өзбекстанның командасы қатыспайды.

Бүкіләлемдік бокс сериясының жаңа маусымы қашан басталатыны белгілі болды
©: Жігер Әбенов
"Астана арландары" өнер көрсететін Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жаңа маусымы қашан басталатыны белгілі болды, деп жазады Vesti.kz порталы. 

"WSB жобасының жаңа маусымы ақпан айының бірінші аптасында басталады", - деп жазады жобаның ресми сайты. 

Шамамен жобаның жаңа маусымы 3-4 ақпан күні басталады. Додаға 11 команда түседі. 

WSB жобасының чемпионы елордалық "Астана арландары" Азия аймағындағы топта Қытай, Үндістан және Ресей боксшыларымен кездеседі. "Қытай айдаһарлары" мен "Ресей патриоттары" бұл жобада бұған дейін өнер көрсетсе, үндістандық команданың әлі ресми аты да құрамы да белгісіз. 



Үндістандық клуб биыл жобаға қатысудан тас тартқан "Өзбек жолбарыстары" командасының орнын басып отыр. Ал еуропалық командалар арасында жаңадан Хорватияның командасы қосылды. Америка құрылығында Аргентина елінің командасы жоқ. 

Айта кетейік, "Астана арландары" - WSB жобасындағы ең табысты команда. Біздің ұжым бұл серияны үш рет жеңсе, тағы төрт рет күміс жүлдегер атанды. Екі рет куболық боксшылар топ жарса, Франция мен Италия командалары бір-бір реттен жеңіске жетті. 









Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости