WSB кезекті маусымының алғашқы кездесуінде жұдырықтасатын "Astana Arlans" пен ресейлік "Patriot Boxing Team" командасының боксшыларының тізімі белгілі болды, деп хабарлайды елордалық клубтың баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бокс кеші 4-ші ақпанға жоспарланған. "Астана арландары" топта ресейлік Patriot Boxing командасынан бөлек Қытайдың "Чайна Драконс" және өзбекстандық "Өзбек Тайгерс" клубтарымен күш сынасады.
Patriot Boxing Team - "Астана Арланс" кездесуінде жұдырықтасатын боксшылар тізімі:
46-49 келі: Батор Сагалуев - Теміртас Жүсіпов
56 келі: Артем Хотенов - Ілияс Сүлейменов
64 келі: Радмир Абдурахманов - Ділмұрат Мижитов
75 келі: Раджаб Раджабов - Әбілхан Аманқұл
91 келі: Илья Квасников - Антон Пинчук
Жарнама