auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Арландар" WSB жобасының финалына шықты

"Арландар" WSB жобасының финалына шықты
Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) ел намысын қорғайтын "Astana Arlans" командасы биылғы маусымның финалына шықты. Дәл қазір Лондонда өтіп жатқан бокс кешінде отандастарымыз 6:1 есебімен алға шықты.

3 маусым күні Қостанайда өткен бірінші кездесуде елордалық команда 4:1 есебімен жеңіске жеткен еді. Қарымта кездесудегі алғашқы екі жекпе-жек қорытындысы бойынша-ақ Нұрлан Ақүрпеков шәкірттері финалға жолдама алды.

52 келіге дейінгі салмақта команда капитаны Олжас Сәттібаев қарсыласы Фарел Ниалды жеңсе, 60 келіге дейінгі салмақта Закир Сафиуллин Майлнс Чадты екі рет нокдаунға түсіріп, жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады. Нәтижесінде "Арландарды" WSB жобасының финалына алып шықты.

69 келіге дейінгі салмақта Асланбек Шымбергенов Олжас пен Закирдің жолын жалғады. Ол Кумар Маноджды айқын жеңді. Ал 75 келіге дейінгі салмақта Арман Рысбек Томас Уитаккер-Харттан айласын асыра алмады.

Ауыр салмақтағы боксшылар жекпе-жегінде Нұрсұлтан Аманжолов Патрик Майлатадан жеңілді. WSB жобасындағы алғашқы жекпе-жегіне шыққан отандасымыз төртінші раундта нокдаун алды. Нәтижесінде Нұрлан Ақүрпеков жекпе-жекте шәкіртінің жеңілгені жайлы белгі беріп, кездесуді ерте аяқтатты.

Қос кездесу қорытындысы бойынша "Astana Arlans" 7:3 есебімен жеңіске жетіп, жетінші маусымның финалына шықты.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама