auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қайрат Ералиев өзбекстандық Олимпиада чемпионын жеңді

Қайрат Ералиев өзбекстандық Олимпиада чемпионын жеңді
kfb.kz
Бокстан Астанада өтіп жатқан Президент кубогы халықаралық турнирінде Қайрат Ералиев өзбек боксшысы Шахобиддин Зоировты 5:0 есебімен жеңіп, финалға шықты.

56 кг салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жекте Қайрат барын салды. Бірінші раундта қарсыласы белсенділік танытқанмен, кейінгі раундтарда Қайраттың қарымы артты. Шахобиддинді бірнеше дөп тиген соққысымен тізерлетіп те алды. Нәтижесінде отандасымыз төрешілер шешімі бойынша айқын жеңіске жетті.

Шахобиддин Зоиров 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы. Бразилия жерінде 52 кг салмақта бақ сынап, топ жарған болатын. Сондай-ақ кеше 49 кг салмақта Өзбекстанның маңдайалды боксшысы, Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматов та үнді боксшысы Нуxлаи Лиабиакимадан ұтылып қалған болатын. Ал үнді боксшысын бүгін қазақстандық Жомарт Ержан жеңіп, финалға шықты.

Қайрат Ералиев ертең финалда америкалық боксшы Дик Ламоунт Рейганмен жұдырықтасады. Ол жартылай финалда Ілияс Сүлейменовті жеңіп кетті. Қайрат үшін қарсыласы таңсық емес. 2017 жылы Германияда өткен әлем чемпионатының финалында жұдырықтасып, жеңіске жеткен болатын.

Айта кетейік, бүгін Астанада өтіп жатқан Президент кубогының жартылай финалындағы жекпе-жектер жалғасуда. Финалға шыққан боксшылар жайлы алдағы уақытта хабарлайтын боламыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама