auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Бокстан әйелдер арасындағы ел чемпионаты аяқталды

Бокстан әйелдер арасындағы ел чемпионаты аяқталды
ҚБФ
Бүгін бокстан әйелдер арасындағы ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Астанада өткен жарысқа әр өңірден келген 76 бұрымды боксшы қыз қатысты.

Биылғы бокс додасы жылдағыдан аса қатты ерекшелене қойған жоқ. Ұлттық құрама сапында жүріп халықаралық турнирлерде жүлде алып жүрген қыздар мықтылықтарын тағы бір дәлелдеді. Жанкүйерлер күтпеген сый жасап, жарқ ете қалған боксшы қыздар бірең-сараң болды. Финалдық жекпе-жектер алдында Қазақстан бокс федерациясы жаттықтырушылар кеңесінің отырысы өтіп, елімізде әйелдер боксының даму жай-күйі талқыланды. Бұл жайында Қазақстан бокс федерациясының ресми сайты хабарлады.



2017 жылы өткен ел чемпионатына 86 боксшы қыз қатысқан. Биыл қатысушылар саны азайған. Тіпті Батыс Қазақстаннан спортшылар келмеген де...



- Ешкім балалармен жұмыс жасағысы келмейді. Жарқ етіп танылар жаңа есімдер жоқ. Бірер жылдан бері көретініміз сол – бір боксшылар. Біле білсек, жаңа заңдағы қаржыландыруда олимпиадалық спорт түрі болып саналатын бокс А тобына жатады. Келешегі бар спорт түрі ретінде дамытуға көп көңіл бөлініп келеді. Ал аймақтар іріктеу өткізіп, жаңа спортшылар іздемейтін секілді, - деп сынға алды Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының орынбасары Берік Маржықпаев.

- Бұл бокс – қызық емес. Бәрі теледидардан көреді, бірақ барғысы келмейді. Мен өз еркіммен қызметтен кетуге дайынмын. Бірақ мәселе жаттықтырушыларда болып тұр. Ешкім оқығысы келмейді. Төрешілерді кінәлаудан бұрын, өздеріңнен бастағандарың дұрыс. Күн сайын өздерің де дайындалып, оқып дәрежелеріңді көтеріңдер. Елімізде әлемге танытатын Головкин сынды боксшыларды даярлау керек, - деді Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Юрий Цхай.



Отырыста еліміздегі бокстың дамуынан бөлек, алдағы жарыстар мен ұлттық құрама және жас боксшылардың біріге жаттығу жиындарын өткізу жайлары да айтылды. Жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру жайы да сөз болды.

Сонымен ел чемпионатының қорытындысына оралсақ. 10 салмақ дәрежесі бойынша өткен жарыста жалпыкомандалық есепте Астана қаласының боксшы қыздары көш бастады. Олар 3 алтын 2 күміс медаль жеңіп алды. Алматы қаласынан барған боксшы қыздар 2 алтын 1 күміс 4 қола медальмен екінші орыннан көрінді. Үздік үштіктен Ақмола облысы көрінді. Олар 2 алтын 3 қола медаль еншіледі.



Қызылордалық Ақерке Бақытжан (69 кг) мен қарағандылық Милана Сафронова (64 кг) ел чемпионатында алғаш рет топ жарды. Ақерке финалда алматылық Баян Ақбаевадан басым болса, Милана Азия чемпионы Мәдина Нұршаевадан мықты екенін дәлеледі. Тағы бір айта кететіні, Милана Сафронова кәсіпқой бокста да мансабын бастап үлгерген спортшылардың бірі. Екі жекпе-жек өткізіп, екеуін де тең аяқтады. Сондай-ақ биылғы ел чемпионатына кәсіпқой бокста бақ сынап жүрген Балауса Мұздиман да қатысты. Ол 54 кг салмақта қола жүлдегер атанды.

Жарыс қорытындысы бойынша алдағы Азия ойындары мен әлем чемпионатына қатысатын боксшы қыздар іріктелетін болады.

2018 жылғы ел чемпионатының жеңімпаздары

48 кг

Алтын - Әйгерім Қасенаева (Ақмола облысы)
Күміс - Алуа Балқыбекова (Жамбыл облысы)
Қола - Ақерке Құсайынова (Алматы), Алина Тұрлыбаева (Павлодар)

51 кг

Алтын - Назым Қызайбай (Алматы облысы)
Күміс - Жайна Шекербекова (ОҚО)
Қола – Дариға Пішеншинова (ШҚО), Ангелина Лукас (ОҚО)

54 кг

Алтын - Дина Жоламан (Ақмола облысы)
Күміс – Аида Тұяқбай (ОҚО)
Қола – Рано Пархатова (Алматы), Балауса Мұздиман (Алматы облысы)

57 кг

Алтын - Сания Сұлтанқызы (Астана)
Күміс - Назым Ищанова (Атырау облысы)
Қола - Владислава Кухта (Қостанай), Дәметкен Келімбет (Қызылорда)

60 кг

Алтын - Римма Волосенко (Астана)
Күміс - Айжан Қожабекова (Қарағанды облысы)
Қола - Жанна Баскаева (Маңғыстау облысы), Карина Ибрагимова (Ақмола облысы)

64 кг

Алтын - Милана Сафронова (Қарағанды облысы)
Күміс - Мәдина Нұршаева (ОҚО)
Қола - Сандуғаш Әбілхан (Тараз), Ләйлә Құсайынова (Тараз)

69 кг

Алтын - Ақерке Бақытжан (Қызылорда облысы)
Күміс - Баян Ақбаева (Алматы облысы)
Қола - Шынар Юлдашева (Атырау), Әлия Әбдірайымова (Астана)

75 кг

Алтын - Дариға Шәкімова (Алматы облысы)
Күміс - Аида Оңдаш (Қызылорда)
Қола - Салтанат Естаева (ОҚО), Сания Әлжанова (Ақтау)

81 кг

Алтын - Фариза Шолтай (ОҚО)
Күміс - Анастасия Рылина (Қостанай облысы)
Қола - Мөлдір Базарбаева (Ақмола облысы), Алтын Мұқышбекова (Астана)

+ 81 кг

Алтын - Ләззәт Күнгейбаева (Астана)
Күміс - Умида Садықова (Алматы облысы)
Қола - Ақбота Исағұлова (Қарағанды), Надира Маратова (Алматы облысы)
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама