Қазақстандық теннисші
Юлия Путинцева әлемдегі әлемдегі танымал "Үлкен дулыға" санатына енетін Франция ашық біріншілігінің (Ролан Гаррос) үшінші кезеңіне шықты. Отандасымыз екінші кезеңде швед спортшысы
Юханна Ларссонды ұтты.
2 сағат 15 минутқа созылған ойында Қазақстанның бірінші ракеткасы қарсыласынан 2:1 есебімен айласын асырды. Бірінші сетте 6:3 нәтижесімен жеңіске жетсе, екінші сетте 6:1 есебімен ұтылды. Үшінші сетте 6:3 есебімен басым шықты.
Юлия Путинцева үшінші кезеңде испан
Гарбинье Мугуруса мен
Анетт Контавейт арасындағы ойын жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, қазақстандық теннисші қазіргі таңда WTA рейтингінде 29-орында келеді.
Жарнама