auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Тарихи жүлде жеңіп алған қазақ балуанды әуежайда дүркіретіп қарсы алды

Тарихи жүлде жеңіп алған қазақ балуанды әуежайда дүркіретіп қарсы алды
© massaget.kz/ Өмірбек Сансызбай

Еркін күрестен Сербия елінің астанасы Белградта өткен әлем чемпионатында бақ сынаған қазақ балуандары елге оралды. Олардың қатарында ел тарихында алғаш рет әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұхан мен қола жүлдегер Азамат Дәулетбеков те бар. Жанкүйерлер мен күрес жанашырлары балуандарды зор қошеметпен қарсы алды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ризабек 92 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанып, боз кілемде қазақ елінің абыройын асырды. Ал Азамат 97 келіге дейінгі салмақта қола жүлдемен қоса Париж Олимпиадасы жолдамасын еншілеп келді.

Күрес жанашырлары қос балуанға қымыз, бауырсақ ұсынып, иықтарына шапан жапты. Ал қарсы алуға келген халықтың қарасы көп болды.

"Үлкен қошеметпен қарсы алып жатқан еліме алғыс айтамын. Өте күшті сезімде болып тұрмын. Сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Бұл менің арманым еді. Отандастарыма осындай сәтті сыйлағаныма қуаныштымын. Қарсыластар осал болған жоқ. Шешуші белдесуде барымды салдым. Соңына қарай шаршағанын байқадым. Сол сәтті ұтымды пайдаландым деп ойлаймын", - дейді балуан.

97 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанып, Париж Олимпиадасы жолдамасын иеленген Азамат Дәулетбеков те жанкүйерлеріне алғысын айтып, Ризабектің жетістігін ерекше атап өтті.

"Ризабекке ризамын. 19 жасында әлем чемпионы, алғаш болып әлем чемпионы атанды. Жасөспірімдерге үлгі, бізге мотивация сыйлады", - дейді Азамат.

Жанкүйерлер қос балуанмен естелік суреттерге түсіп, құрмет-қошемет көрсетіп қайтты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама