auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

IJF "Қазақстан Барысы" жеңімпазын жарыстардан шеттете ме?

IJF "Қазақстан Барысы" жеңімпазын жарыстардан шеттете ме?
©Qazaqstan Barysy/facebook

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Ғалымжан Қырықбай қазақ күресінен биылғы "Қазақстан Барысы" атанды. Осыған байланысты Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) спортшыға жаза қолдана ма?

Ережеге сәйкес, басқа жекпе-жек түрлерінен жарысқа қатысқан дзюдошылар ресми түрде IJF турнирлерінен шеттетіледі. Ғалымжан Қырықбайдың жарыс жолы қалай болмақ? Бас бапкер Нұрбол Сүлейменовтің айтуынша, бұл ереже Қырықбайға кері әсерін тигізбейді, деп жазады Bassport.kz.

"Иә, Ғалымжан Қырықбай "Қазақстан Барысы" турнирінде жеңіске жетті. Бірақ бұл оның дзюдодағы көрсеткіштеріне әсер етпейді. Өйткені бұл ереже қазақ күресінен халықаралық жарыстарға қатысатын спортшыларға қатысты. Егер Ғалымжан "Әлем Барысы" турнирінде бақ сынайтын болса, қиындық туындайды. Ал "Қазақстан Барысы" елішілік жарыс болғандықтан, оған әсер етпейді", - деді бас бапкер Нұрбол Сүлейменов.

Сондай-ақ бапкер жарақат алу қаупіне қарамастан, Ғалымжанның қазақ күресі турниріне қатысуға неге рұқсат еткенін айтты.

"Жарақаттан Құдай сақтасын. Қазір ешқандай жарыс жоқ. Еш жарыс болмағасын, Ғалымжан Қырықбайға рұқсат бердік", - деді Сүлейменов.

Айта кетелік, Ғалымжан Қырықбай дзюдодан Универсиада чемпионы, Grand Slam турнирлерінің қола жүлдегері.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама