auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Азамат Дәулетбеков ӘЧ-де Олимпиада жолдамасын иеленді

Азамат Дәулетбеков ӘЧ-де Олимпиада жолдамасын иеленді
©instagram/azamat_dauletbekov

Еркін күрестен қазақ балуаны Азамат Дәулетбеков әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Сондай-ақ отандасымыз 86 килоға дейінгі салмақта Париж Олимпиадасы жолдамасын иеленді. 

Азамат үшінші орын үшін өткен белдесуде бахрейндік балуан Магомед Шариповтан басым түсті. Бұл белдесу өте тартысты өтті. Соңғы секундтарда Азамат қарсыласына 2:3 есебімен есе жіберіп тұрған. Аяқталар тұста әдіс қолданып, жеңіске бастар жолды тапты. 

"Иә, өздеріңіз көргендей, соңғы секундтарда әдіс жасап, жеңіске жеттім. Әрине, Олимпиаданың жолдамасы сарапқа салынған соң қола жүлдені қолдан жібергім келген жоқ. Жекпе-жекте барымды салдым. Жеңіске жеткенім осы ынтамның арқасында деп ойлаймын. Енді осы дайындықпен Азия ойындарына барамыз. Аз уақытта салмақты қалпына келтірген соң Қытайдан да олжалы оралуға тырысамыз", - дейді Азамат белдесуден кейін Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Бұл салмақта америкалық Давид Тейлор алтыннан алқа тақса, күміс ирандық Хасан Яздани күміс, осы салмақтағы екінші қоланы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Сан-Марино спортшысы Майлз Амин қанжығасына байлады.

Айта кетейік, Олимпиаданың жолдамасы жекелеген спортшыға емес, UWW-ға мүше Ұлттық федерацияларға беріледі. Париж төрінде тура Токиодағыдай әр салмақта таңдаулы 16 бауланнан жүлдеге таласады. Барлығы Олимпиада бағдарламасына 18 салмақ кіреді.

Еркін күрестен егемендік алғаннан бері қазақстандық палуандар әлем чемпионатында осымен 17 жүлдеге қол жеткізді. Оның бесеуі күміс, 12 қола. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама