auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақ балуандары Азия ойындарында алғаш рет алтын алмады

Қазақ балуандары Азия ойындарында алғаш рет алтын алмады
olympic.kz
XVIII жазғы Азия ойындарында күрес түрлерінен жарыстар аяқталды. Қазақ балуандары алғаш рет жеңістің ең биік тұғырынан көріне алмады.

Бүгін грек-рим күресінен жүлделер сарапқа салынды. Соңғы үміт ауыр салмақтағы апайтөс балуанымыз Нұрмахан Тыналиевте болды. Алайда финалда отандасымыз өзбек Мумиджан Абдуллаевтан айласын асыра алмады. Оған дейін жергілікті балуан Папанг Раманхани мен жапон Арата Сонаданы жеңген еді.

Нұрмахан бүгін алтын алғанда, Азия ойындарының үш дүркін жеңімпазы атанар еді. Алтын бұйырмады. Жалғыз Нұрмаханға ғана емес, жалпы күрес түрлерінен... Осыған дейін бір балуан болса да, жеңімпаз атанып жүрген еді.

Қазақ спортшылары жазғы Азия ойындарына 1994 жылдан бері қатысып келеді. Хиросимо боз кілемінде Мәулен Мамыров (еркін күрес), Дәулет Тұрлыханов (грек-рим күресі) пен Юрий Мельниченко (грек-рим күресі) алтыннан алқа таққан-ды. Араға 4 жыл сала Азия ойындары Бангкокта өтті. Ол жолы Бақтияр Байсейітов (грек-рим күресі) пен Сергей Матвиенко (грек-рим күресі) жеңістің биік тұғырынан көрінді. 2002 жылы Пусанда Әсет Иманбаев (грек-рим күресі) пен Георгий Цурцумия (грек-рим күресі) алтын алды.

2006 жылғы Азия ойындары Дохада (Катар) өтті. 74 кг салмақта Роман Мелешин жеңімпаз атанды. 2010 және 2014 жылдары Нұрмахан Тыналиевті жеңіс тұғырынан көрдік. Сондай-ақ Гуанчжоуда (2010 ж) әйелдер арасында 63 кг салмақта Елена Шалыгина топ жарды. Биыл Джакартада алтын жүлде бұйырмады. Қазақ балуандары 4 күміс 6 қоламен жарысты аяқтады.

XVIII жазғы Азия ойындары 2 қыркүйекке дейін жалғасады. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы 1 алтын 6 күміс 14 қола медальмен жалпы есепте 12-орында келеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама