auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Грепплингтен Алматы қаласының чемпионатына қатысатын жастар іріктелді

Грепплингтен Алматы қаласының чемпионатына қатысатын жастар іріктелді
Жуырда Алматы облысы, Іле ауданы М.Түймебай ауылында "Сағадат батыр" спорт клубының ұйымдастыруымен грепплинг күресінен турнир өтті. Негізгі мақсат – жасөспірімдерді салауатты өмір салтына тәрбиелеу және ауыл спортын дамыту. Жарысқа "Сағадат батыр" спорт клубының балалары мен Іле ауданындағы басқа да спорт клубтарының қатысушылары келді.

Бұл жарыс алдағы болатын қалалық, республикалық жарыстарға іріктеу болды. Осы жарыстан бірінші және екінші орын алған спортшылар 20-21 қаңтарда өтетін грепплингтен Алматы қаласының чемпионатына қатысады. Осы турнирден жүлделі бірінші, екінші және үшінші орын алған спортшылар арнайы медальмен және дипломмен марапатталды. Осы турнирге арнайы келген   "Сағадат батыр" халықаралық қайырымдылық қорының президенті Махмұт Ыбырайханұлы Нәлібаев жарысқа қатысушы жас спортшыларға ақ батасын беріп, сәттілік тіледі. Осы турнир барысында халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы "Сағадат батыр" спорт клубының бас бапкері Орынбасаров Нұрсұлтанға және осы клубтың бапкері Айтпанбет Саматқа Махмұт Нәлібаев мырза "Кейкі батыр" медалін табыстады. Сондай-ақ, жарысқа қатысушы кішкентай жеткіншектерге Махмұт мырза марапаттаулар жасады.

Қазіргі уақытта "Сағадат батыр" спорт клубының спортшылары еліміздегі мықты спортшылар қатарында. Бұл клубта жаттығатын спортшылар джиу-джитсу, грепплинг күресі бойынша әлем, азия чемпионы атанып ел намысын халықаралық ареналарда қорғап жүр.

"Сағадат батыр" спорт клубының бас бапкері Нұрсұлтан Орынбасаров : "Алдағы уақытта "Сағадат батыр" спорт клубы тек елімізде емес əлем бойынша алдынғы қатарда тұратын болады. Біздің мақсатымыз – қазақ елінің батырларының ерлігін жастарға насихаттап, бойларына патриоттық рух беріп, ауыл балаларын үлкен спортшы етіп тəбиелеу. Ауыл спортының дамуына барынша жұмыс жасап жатырмын. 3 жылдан астам уақыт тек осы ауылдық жердегі спорт клубты дамытып, ауыл балаларын әлемдік аренаға шығарып, оларды чемпион етіп, ауылдық жерлерде турнирлер ұйымдастырып жүрмін. Осындай іс-шараларымызға үнемі қолдау көрсетіп, ауыл балалары дегенде үнемі қасымыздан табылып,  өзінің ақ батасын жас спортшыларға беріп жүрген Махмұт Нәлібаев ағамызға үлкен алғыс білдіремін. Осындай жанашыр ағаларымыз  бар кезде ауыл спорты тек қана дамитыны сөзсіз» - деді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама