Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Балуандарымыз Бакгкоктан олжалы оралды

Таиландтың Бангкок қаласында күрес түрлерінен кадеттер арасында Азия чемпионаты аяқталды.


Таиландтың Бангкок қаласында күрес түрлерінен кадеттер арасында Азия чемпионаты аяқталды, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Қазақстанның жас балуандары тай жерінде тамаша өнер көрсетті. Жарыстың алғашқы күні грек-рим күресінің балуандары 3 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алғаны белгілі. Екінші күні қоржынымыз 1 алтын 2 қола медальмен толықты. Нақтырақ айтсақ, 58 келі салмақта күрескен Оралхан Мырзабаев барлық қарсыластарынан басым түсіп, Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. Дiнмухаммед Қошқар (50 келі) мен Леонид Проскурович (69 келі) - Азияның қола жүлдегерлері.

Жарыс қорытындысы бойынша грек-рим күресінің балуандары 4 алтын, 1 күміс, 2 қола медальға ие болды. Ұпай санымен есептегенде қазақстандық балуандар командалық есепте екінші орынға ие болды. Ал, медаль санымен есептегенде 10 салмақтың 4-інде алтын медальға ие болған жас балуандарымыз командалық есепте топ жарды.

Жалпы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының тарихына үңілсек, 4 алтын медальды грек-рим күресінің балуандары бірінші рет жеңіп алып тұр. Бұған дейін 2004, 2007 және 2015 жылдардағы Азия чемпионатында грек-рим күресінің шеберлері 3 алтын медаль алған.Таиландтың Бангкок қаласында күрес түрлерінен кадеттер арасында Азия чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы екі күнінде еркін күрес пен қыздар күресінен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Азия чемпионатының үшінші күні қыздар күресінен бәсекелер аяқталды. 40 келі салмақта ел намысын қорғаған Айдана Сұлтанова қола жүлдегер атанды. Осылайша, қыздарымыз Азия чемпионатының қорытындысы бойынша 3 күміс, 1 қола медальмен командалық есепте Жапония, Үндістан, Моңғолиядан кейінгі төртінші орынға ие болды.

Еркін күрес балуандары 1 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль иеленді. Соңғы жарыс күні 69 келі салмақта Мейрамбек Сүлейменов топ жарды. 46 келіде күрескен Еламан Қадырсейт пен 50 келідегі Ақбар Құрбановқа күміс медаль бұйырды. Еламан алтын медаль үшін болған белдесуде ирандық балуаннан ұтылса, Ақбар оңтүстіккореялық балуаннан жеңілді.

Дәулет Теміржанов (54 келі), Дәулет Тәжібай (58 келі), Савет Абылай (85 келі) – Азия чемпионатының қола жүлдегерлері. Командалық есепте еркін күрес балуандары Иран мен Үндістаннан кейін үшінші орынға ие болды.
  Пікір: 0
  0