Әлем Кубогіне қатысатын шорт-трекшілер белгілі

©kazsports

Бүгін, 28 қазанда Канаданың Монреаль қаласында шорт-тректен Әлем кубогының алғашқы кезеңі басталады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Kazsports.kz сайтына сілтеме жасап.

Биылғы маусымдағы бірінші жарыс даңқты хоккейші Морис Ришар атындағы аренада 30 қазанға дейін жалғасады. Мұнда тек Қазақстан ерлер құрамасы сынға түспек. Әйелдер құрамасы Солт-Лейк-Сити қаласы қабылдайтын 2-кезеңнен бастап жарыс көркін қыздырады.

Ұлттық құрама тізімі: Нұртілек Қажығали, Абзал Әжіғалиев, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша; Бас бапкер – Нұрберген Жұмағазиев. Осы орайда конькишілердің жаңа спорт киімін назарларыңызға ұсынамыз:

Айта кетейік, Монреальда осыған дейін 1987, 2002, 2014, 2018 бен 2021 жылы шорт-тректен Әлем кубогінің кезеңі өткен. Биылдан бастап барлық 6 кезеңнен соң ерлер мен әйелдер арасындағы жалпы есептің жеңімпазы "Гауһар глобусқа" ие болады.

Әлем кубогінің келесі кезеңдері:

2-кезең – Солт-Лейк-Сити (АҚШ), 4-6 қараша;

3-кезең – Алматы (Қазақстан), 9-11 желтоқсан;

4-кезең – Алматы (Қазақстан), 16-18 желтоқсан;

5-кезең – Дрезден (Германия), 3-5 ақпан;

6-кезең – Дордрехт (Нидерланд), 10-12 ақпан;

Желтоқсанда араға 4 жыл салып Әлем кубогі кезеңі Алматыға қайта оралады. Елімізде алғаш мәрте өткен 2018 жылғы бәсекеде (сол маусымдағы 3-кезең) Абзал Әжіғалиев өз отандастарының көз алдында 500 метрге жарыста қола жүлдегер атанған-ды.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар