auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Денесіне қалай кіргенін байқамай қалдым". Қиясов Денис Тенді қалай пышақтағанын айтты

"Денесіне қалай кіргенін байқамай қалдым". Қиясов Денис Тенді қалай пышақтағанын айтты
Күдікті Нұралы Қиясов сотта Денис Теннің өлімі туралы істе сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қиясов 19 шілдеде болғаны оқиғаның хронологиясын баяндады. Оның айтуынша, шамамен 13:30-14:00-де үшеуі қалаға шыққан, көлік тізгінінде Қиясовтың өзі болған.


Нұралы Қиясов ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі 1, 4 -тармақтары ("Ұрлық") бойынша, 99-баптың 2-бөлігі 7,8-тармақтары ("Адам өлтiру") бойынша айыпталып жатыр.

Сонымен қатар, іс бойынша Жанар Толыбаева, және Арман Құдайбергенов өтіп жатыр. Қылмыс 2018 жылы 19 шіледеде Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

"Мен қаланы аса біле бермеймін, бірақ Арман маған қайда бару керектігін көрсетіп жүрді. Жол бойында тұрған екі көлікті көрдік: ол осы көліктен бастаймыз деді. Сосын мен көлікті қоятын жер іздедім. Арман бірінші шықты, сосын мен шықтым. Ол маған "көлікте отыра бер" - деді. Бірақ менде көргім келді, артынан бардым. Жанарға көлікте отыруын айттық, себебі автокөлік құлыптанбайтын. Ол қалды, алайда біраздан соң артымыздан шықты", - деді Қиясов.

Оның айтуынша, Денис Теннің көлігіне жақындағанда сөмкені ұстап тұрған. Ал Арман болса қолғапты алып, әйнекті шешуге кеткен. Біріншісін шешіп, сөмкеге салған. Қиясовтың айтуынша, адамдар жиналып қалған соң, Арманға күту керек болған. Сосын олар екіншісін шешуге барған.

"Мен пышақтың сөмкеде екенін және оның әйнектің тоқтарын кесуге арналғанын да білдім. Сонымен қатар, әр түрлі бұрандылар болды. Мен жол бойында тұрдым, көлік иесін көрмедім. Шамамен жеті-сегіз метр жерде көліктің артқы жолаушы отыратын жағында тұрдым. Арманның екінші әйнекті шешкен сәтін көре алмадым. Көлік иесін көруге мүмкіндік болды, бірақ мен байқамадым.

Арман екінші әйнекті шешкенде көлік иесі келді. Мен тек Арманның қашып бара жатқанын көрдім. Көлік иесі Арманды қуып жетіп, төбелесе кетті. Арман тағы қашты, көлік иесі спорт алаңына жеткенде тағы жетіп алды. Осы кезде Арман қашып шығатын шығар деп ойладым.

"Мен тротуарда отырдым, басқа бағытта қашамын деп ойладым. Оларға жүгіріп барамын деген ой болмады. Кейін мен жақындадым, Арман оны белдікпен ұрып жатыр екен. Жақындай бергенімде, Арман Денистің соққысынан торға сүйкенді. Осы кезде мен Денистің артынан барып, қолынан тарттым. Қолымда пышақ болды, соны көрсетсем ол қашып кетеді деп ойладым. Бірақ ол орнынан қозғалмады.

Оған қалай пышақ кіргенін сезбей де қалдым. Мен оны тартқылап жатқанымда пышақ кіріп кетті, сосын мен Арманға қарадым, ол маған қарады. Арман тұрғызып көлікке қарай қаштық, сосын Жанарды шақырып, Сайранға қарай кеттік. Сонда "өледі не өлмейді" деген болжамдар айттық. Үйге қарай бардық, ағам ашулы еді. Сол күні шамамен 22:00-де мені полицейлер үйден ұстап әкетті", - деді Қиясов.

Нұралы Қиясовтың айтуынша, оның Денистің кез келген ағзасына пышақ салуға мүмкіндігі болған.

Мен оның артында тұрдым, маған соққы жасаған жоқ. Менің ойымның бәрі қашып кету болды, бірақ өлтіру емес. Денистің қолында барсетке болды, біз оны алайын деп те ойламадық. Мен барлығынан кешірім сұраймын. Анасынан және Қазақстан халқынан кешірім сұраймын. Иә, біз ауыр қылмыс жасадық. Егер кешіре алсаңыздар, кешіріңіздерші. Түсінемін, ол ана, оның жүрегі ауырады. Мүмкін болса кешіріңізші", - деді сотталушы.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
18 шілде 2022, 16:33
Қысқы спорт
©olympic.kz Шорт-тректен бас бапкер ауысты

Жарнама

Жарнама