auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақстан қысқы Паралимпиадада 20-орын алды

Қазақстан қысқы Паралимпиадада 20-орын алды
Atameken Business Channel
Пхенчхандағы ХІІ қысқы Паралимпиада ойындары аяқталды. Қазақстан құрамасы 1 алтын медальмен жалпы есепте үздік 20 құраманың қатарынан көрінді.

Бүгін 4х2,5 шақырымдық шаңғышылар сайысы бойынша жүлделер сарапқа салынды. Қазақстандық паралимпиадашылар 6-орыннан көрінді.

Жабылу салтанаты өтіп, ресми ту 2022 жылы Бейжіңде өтетін жарыс ұйымдастырушыларына табысталды.

Пхенчхандағы Паралимпиада ойындарына барлығы 48 елден 567 паралимиадашы қатысты. 6 спорт түрі бойынша 80 медальдар жиынтығы сарапқа салынды.

Қазақстан құрамасының қоржынына түскен тарихи алтын медальды шаңғышы Александр Колядин жеңіп алды. Ол 14 наурыз күні 1,5 шақырымдық классикалық спринтте үздік шықты. Сондай-ақ 12 наурызда қазақстандық шаңғышы Александр Герлиц 20 шақырым қашықтықты еркін стильде жүріп өтуде 4-орын алды. Үздік жетілікке енген паралимпиадашылар мемлекет тарапынан сыйақы алатын болады.

Қазақстан мен Қытай құрамалары 1 алтын медальмен 20-орыннан көрінді. Ал жалпы есепте АҚШ құрамасы бірінші орынды иеленді. Олар 13 алтын 15 күміс 8 қола медаль еншілеген. ХОК туы астында жарысқа қатысқан ресейлік паралимпиадашылар 8 алтын 10 күміс 16 қола медальмен екінші орынға тұрақтады. Үздік үштікті 8 алтын 4 күміс 16 қола алған канадалық паралимпиадашылар түйіндеді.

Айта кетейік, Пхенчхандағы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы 1 қола медаль алып, жалпы есепте 28-орын алған еді. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
18 шілде 2022, 16:33
Қысқы спорт
©olympic.kz Шорт-тректен бас бапкер ауысты

Жарнама

Жарнама