Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Италиядағы жеңісінен кейін күлкіге қалған қазақстандық шаңғышы өз әрекетін түсіндірді

"Аздап күліп алдыңыздар. Мен әдейі істеген жоқпын, рас айтамын", - деп жазды Полторанин Instagram парақшасында.


Ski sport TV видеосынан алынған кадр
Ski sport TV видеосынан алынған кадр
Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин "Тур де Ски" көпкүндігінің Италиядағы Валь-ди-Фьемме аймағында өткен масс-старт кезеңіндегі жеңісінен кейін берген "әдепсіз" сұхбатына қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл жайт сұхбат кезінде журналистің қазақстандық шаңғышыға ағылшын тілінде сұрақ қойған кезінде болды, ол күліп, орыс тілінде жауап берді: "*** (блин), говорите слишком быстро. Я не понимаю".

"Аздап күліп алдыңыздар. Мен әдейі істеген жоқпын, рас айтамын", - деп жазды Полторанин Instagram парақшасында.

Айта кетейік, қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин "Тур де Ски" көпкүндігінің Италиядағы Валь-ди-Фьемме аймағында өткен масс-старт кезеңінде топ жарды.

15 шақырымды классикалық әдіспен жүрудегі масс-старт сынында қазақстандық спортшы бірінші болып келді. Ол аталған қашықтықты 38 минут 40,3 секундта жүріп өтті. Екінші орын алған ресейлік Андрей Ларьков отандасымыздан 0,4 секундқа кеш келді. Үздік үштікті канадалық Алекс Харви түйіндеді.

Алексей Полторанин "Тур де Ски" көпкүндігінде екінші рет жүлдегерлер қатарынан көрініп отыр. Осыған дейін отандасымыз 15 шақырымды классикалық әдіспен жекелей жүріп өтуде күміс жүлде еншілеген еді.

Кешегі жарыс қорытындысы бойынша Алексей Полторанин жалпы есепте екінші орынға көтерілді. Бірінші орында швейцариялық шаңғышы Дарья Колонья келеді. Үштікте ресейлік шаңғышы Сергей Устюгов тұр.

Қыздар арасында 10 шақырымды классикалық әдіспен жүрудегі масс-старт сынында норвег шаңғышысы Хейди Венг жеңімпаз атанды. Екінші орынды фин Криста Пярмякоски иеленсе, австриялық шаңғышы Тереза Штадлобер үшінші орынды жеңіп алды. Қазақстандық Анна Шевченко 16-орыннан көрінді.

  Пікір: 0
  0