Хоккейден Ресей құрамасы Бейжің Олимпиадасында Данияны ұтып, турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.
1/4 финалдағы кездесу 3:1 есебімен Алексей Жамнов жаттықтыратын команда пайдасына аяқталды.
Есепті 14-минутта Вадим Шипачев ашты. Дания сапынан Франс Нильсен 23-минутта есепті теңестірді. Ал ары қарай 35-минутта Никита Нестеров және Вячеслав Войнов 56-минутта Ресейге жеңіс сыйлаған голдардың авторы атанды.
Еске салайық, Ресей плей-офф кезеңге топта бірінші орыннан шығып отыр.