Орыстар бізге мынадай аязды көтере алмайсыңдар дейтін - Норвегияның бапкері

©AP

Шаңғыдан Норвегия құрамасының бапкері Эйрик Мюр Носсум ресейлік әріптестерінің Бейжің Олимпиадасында қалай әзілдегенін айтып берді, деп хабарлайды "Чемпионат".

"Олар маған жиі әзілдейтін. Біз орыстың қысына шыдамайтынымызды айтатын, Қытайда да күн райы сондай деп. Біз Сібірге бара жатырмыз дейтін.

Ресейліктерде басымдық болды ма? Айту қиын. Бірақ осы жарыста өздерін жақсы көрсетіп жатыр. Иә, біз минус 30 градуста жаттыға бермейміз. Норвегияда әдетте ондай суық емес", - деп береді маманның сөзін TV2.

Айта кетейік, Олимпиада аяқталардан бір күн бұрын Норвегия 15 алтын, сегіз күміс және 12 қоламен мерзімінен бұрын жүлделік есепте бірінші орынға шығып отыр. Қысқы ойындардың соңғы күні жүлделердің жеті жиынтығы ойнатылады, дегенмен, Норвегияны енді ешкім асып түсе алмайтыны анық.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар
26 сәуір 2022, 06:03
Қысқы Олимпиада
Олимпиада чемпионын оқудан шығаруы мүмкін