Олимпиадада есінен танып қалған биатлоншы карьерасын аяқтады

©Reuters

Олимпиадада биатлоннан із кесу жарысынан кейін есінен танып қалған норвегиялық Ингрид Тандревольд карьерасын аяқтады, деп хабарлайды "Р-Спорт".

Спортшы дәрігерлер денсаулығына байланысты жарысқа қатысуға тиым салғанан айтты. 

Еске салайық, пасьют жарысынан кейін Тандревольд есінен танып, құлап қалды. Содан соң оны дәрігерлер зембілмен алып кетті. 

Ол соңғы қайту айлағынан кейін үшінші келе жатыр еді. Бірақ жарысты 14-ші болып аяқтады. Ал бұл жарыста оның отандасы Марте Олсбю-Ройселанн топ жарды. 

Айта кетейік, өткен жылдың қаңтар айында әлем кубогі кезеңінде де Тандревольд спринтерлік жарысты аяқтай алмаған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар
26 сәуір 2022, 06:03
Қысқы Олимпиада
Олимпиада чемпионын оқудан шығаруы мүмкін