Норвегиялық биатлоншы Олимпиададағы бесінші алтын жүлдесін жеңіп алды

©globallookpress.com

Норвегиялық биатлоншы Йоханнес Бе Қытай астанасы Бейжіңдегі Олимпиадада масс-старт жарысында топ жарды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Йоханнес 15 шақырымды 38 минут, 14,14 секунде жүріп отті. Жарыс жолында ол төрт нысанаға тигізе алмады. Ал екінші орынды швециялық Мартин Понсилуома алса, үшінші орынды норвегиялық Ветле Шостад Кристиансен иеленді. 

Осылайша, Бе Бейжіңдегі төртінші алтын жүлдесін жеңді. Жалпы енді оның еншісінде бес алтын бар. Бұған дейінгі бас жүлдесін ол 2018 жылы Пхенчанда жекелей жарыста алған еді. 

Бүгін осылайша Олимпиада биатлоннан жарыстар мәресіне жетті. Ал жалпы XXIV қысқы Олимпиада 20 ақпанда аяқталады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар
26 сәуір 2022, 06:03
Қысқы Олимпиада
Олимпиада чемпионын оқудан шығаруы мүмкін