Норвегия спортшылары Олимпиадада 11 алтын алды

©Getty Images

Норвегия құрамасының конькишілері Бейжің-2022 Қысқы Олимпиадасында қоржынына 11 алтынды салды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бүгін, 15 ақпанда норвегиялық конькишілер командалық сында ресейліктерді финалда басып озып, Олимпиада алтынын мойындарына тақты. Осылайша, скандинавиялық ұжым 11 алтын, 6 күміс және 7 қола жүлдемен медальдардар жиынтығы бойынша жеке-дара көш басына шықты. Жалпы есепте 8 алтын, 5 күміс және 2 қола медалі бар Германия спортшылары екінші орынға тұрақтады. Ал АҚШ спортшылары болса 7 алтын, 6 күміс, 4 қоламен үздік үштікті түйіндеп тұр. Дегенмен, Олимпиада аяқталғанша әлі де болса турнир кетесінде өзгерістер орын болады.

Еске салайық, XXIV Қысқы ойындар ақпан айының 20 жұлдызы мәресіне жетеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар
26 сәуір 2022, 06:03
Қысқы Олимпиада
Олимпиада чемпионын оқудан шығаруы мүмкін