Надежда Морозова конькимен жүгіруден Бейжің Олимпиадасында 11-ші орын алды

©olympic.kz

Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында 1000 метрге конькимен жүгіруден әйелдер арасындағы бәсеке аяқталды. Бұл сынға Қазақстан атынан екі спортшы қатысты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Біздің конькишілер арасынан үздік нәтижені Надежда Морозова көрсетті. Ол аталған қашықтықты 1:15.69 секундта жүгіріп өтіп, қорытынды есепте 11-ші орын алды. 

Екатерина Айдова 1:16.70 уақыт көрсеткішімен жарысты 19-орында аяқтады. 

Конькишілер додасында Олимпиада рекордын орнатқан жапондық Михо Такаги (1:13.19) жеңіске жетті. Екінші орынды нидерландтық Ютта Лердам (1:13.83), үшінші орынды америкалық Бриттани Боуи (1:14.61) иеленген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар
26 сәуір 2022, 06:03
Қысқы Олимпиада
Олимпиада чемпионын оқудан шығаруы мүмкін