Қазақстандық конькишілер 1000 метрде жүлдеге іліге алмады

©ҚР ҰОК

Конькимен жүгіруден Бейжіңдегі Қысқы ойындарда 1000 метр қашықтықта қазақстандық Денис Кузин мен Дмитрий Морозов жарыс жолына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. Өкінішке қарай, 30 спортшының арасында Морозов 17 орыннан көрінсе, төртінші Олимпиадасына қатысқан Кузин мәре сызығын 23-ші болып кесті.

Ал 1 шақырымдық қашықтықты 1 минут 7 секунд уақытымен бағындырған Томас Кроль алтыннан алқа тағынды. Алғашқы Олимпиадасына қатысып отырған 29 жастағы голландиялық конькиші осыған дейін Бейжің төрінде 1500 метрде күміс алған болатын. Канадалық Лоран Дюбрей болса екінші орын иегері атанды. Хоран Лорентсен Норвегия қоржынына қола медаль салды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар
26 сәуір 2022, 06:03
Қысқы Олимпиада
Олимпиада чемпионын оқудан шығаруы мүмкін